Карантинде инстаграм арқылы жарнама жасап күн көріп отырған әртістер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Инстаграмға күніміз қарап отыр! Отандық шоу-бизнес өкілдері қаржылай қиындыққа тап болып жатқандарын жасырмайды. Енді олар тығырықтан шығу үшін жарнама жасап ақша тауып, бартерге тамақ ішіп жүр. Карантин тағы қай әртісті әбігерге салды? Келесі сюжетте.

62 күн үй изоляциясы – шоу-бизнес өкілдерін шатқаяқтатып тастады. Әсіресе қаржы қысқан әртістер теңге табудың барлық амалдарын қарастырып кеткендей. Бартерге тамақ ішіп, инстаграмдарына жарнама жасап, тіпті бас тартып жүрген брендтеріне амбассадор болып жатыр.

Карантин Айдарқұловтың Ақботасын нағыз аспазға айналдырып жібергенін инстадағы оқырман әлдеқашан байқап қойған. Бірақ әнші карантиннен бұрын да бартерге ас ішіп жүргенін жасырмайды. Тіпті Нұрмағамбет-тегі кейде жарнама жасауды ұмытып кетіп жүрген екен.

СНХ: Ақбота Нұрмағамбет, әнші

- Кішігірім ресторандарға барып тамақтанып болғаннан кейін, кейде қарынды тойдырып алып ұмытып кетуіміз мүмкін.

Көрсетілген қызмет құнын бір сториспен өтей салатындардың бірі - 2,7 миллион оқырманы бар Айқын Төлепберген. Әнші қойған қымбат бағаға қарамастан, жарнама сұрап хабарласатындардың қарасы көп екен.

Айқын Төлепберген, әнші:

– Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. 00:06:54 – Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың.

Танымалдылығын табысқа айналдыра алып жүргендердің тағы бірі – Ләйлә Сұлтанқызы. Тележүргізуші «атақ та, басқа да уақытша. Бірақ оны тиімді пайдалана алған жөн» дейді.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

- Менің әйгілі болып жүруім немесе экранда болуым, оның барлығы уақытша құбылыс қой. Ол бүгін бар, ертең жоқ нәрсе. Мен ондай нәрсеге мүлде алданбаймын да, иланбаймын да, сенбеймін да шынымды айтсам. Мен оны дұрыс пайдалану жағын ғана ойлаймын шынымды айтсам.