Леди Гага мен Ариана Гранде тың туынды ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага мен Ариана Грандеден бомба! Қос өнерпаз көптен күткен «Rain on me» әніне бейнебаян ұсынды. Тың туындының ютуб желісінде жарияланғаны сол-ақ, видео бір тәуліктің ішінде 20 миллион қаралым жинап үлгерді. Одaн бөлек, трек Spotify музыкалық платформасында тыңдалымы жағынан рекорд орнатып жатыр!

Әлемге әйгілі орындаушының ерек каллобарациясы көпке ұнаған! Әлбетте, мұндай тандем ешкімнің ойына келмегені анық. Одан бөлек, бейнебаянды Роберт Родригестің өзі таспалаған еді. Еске салсақ, режиссер «From Dusk Till Dawn», «Spy Kids» сынды фильмдерімен танымал. Клипте барлық оқиға болашақта өтіп жатқанын байқауға болады.

«Rain on me» әні Леди Гаганың «Chromatica» альбомының алғашқы трегі. 29-мамыр жарық көруі тиіс жинақта сондай-ақ, Гаганың Элтон Джон және оңтүстік корейлік гелзбенд Blackpink-пен құрған дуэттерін тыңдай аламыз.