Мәдина Садуақасова шығармашылығына шыңдап кірісті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қатарынан екі бейнебаян! Өткен аптада ғана жас әнші Тұрармен клип таспалаған өнер иесі, бүгінде кезекті туындысына кіріскен. Табиғат аясында халық әні «Бір балаға» түсірілген видеода өнер иесі нәзік болмысымен елді сүйсіндірді. Ендеше жаңа бейнебаянның тұсаукесерін асыға күтеміз.

Балжан Бидаштың инстаграмдағы аккаунтын алаяқтар бұзып алғалы, әншіге ақшаға тауарымды жарнамалап бер дейтіндердің қатары азайған. Сондықтан да Балжан бұл қызметті тегін түрде көрсетуге кіріскен. «Әзірге оқырманым көбейгенше осылай болады»,- деп әзілдеді ол. Еске салсақ, Бидаштың бұрынғы аккаунтында 725 мың фалловері болған еді.

Тәуекел Мүсілімнің көптен күткен үйлену тойының датасы мәлім болды. Актер инста-парақшасында салтанатты кеш 30-шы шілдеге жоспарланғанын жазып, көпшілікті қуантты. Бүгінде актер қуанышты күнінің қызу дайындығына кіріскен. Ал айтулы кешті ұйымдастыру продюсер Жан Мұқановқа бұйырған.