Комикстер қашан пайда болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Супермен», «Бэтмен», «Өрмекші адам», «Капитан Америка»! Бүгінде комикс кейіпкерлерінің кең танылғаны соншалық, олардың атағы актерлерден асып түсті десек, артық айтпаспыз.

Еске салсақ, өнердің осы түрі XVI ғасырда Валенсия және Барселонадан бастау алған. Әуел баста комикстер күлкілі оқиғаларға негізделді. Бірақ бұл қағидатты 1938 жылы Супермен бұзған болатын.

Қазіргі таңда америкалық «Marvel» және «DC» комикс шығаратын алпауыт компанияға айналып отыр. Тіпті, суретті оқиғалар негізінде фильмдердің таспалануы әлем көрерменін екіге бөлді. Ал ондағы кейіпкерлер бүгінгінің батырына айналғандай.

Еске салсақ, «Marvel» киностудиясы комикс арқылы фильм таспалап, ең табысты компаниялардың бірі болды. Бүгінде оның табысы 9.4 милиард долларды құрайды.

Для добавления комментариев вам нужно авторизоваться