Жұлдыздар да несиа алатынын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ел алдында жарқырап жүрген жұлдыздар да кей кездері кредитке жүгінетінін жасырмайды! Мәселен соның бірі – Жеңісхан Момышев. Режиссер өзінің баспанасын несиеге алған. Киногер пәтерге жететіндей қомақты соммада қаражат жинау қиын екенін айтады.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Үйдегі алған кредиттер бар. Соған енді көмектесіп, ол кредиттерді төлеуге міндетті түрде қалай айтсам болады жауапкершілікті аламыз өзімізге. Сондықтан енді бірақ өз басыма кредит алдым осындай осындай деген жоқ. Соңғы уақытта Алматыға келгенде бір үй алдық сол үйдің бірен сараң кредиттары қалды көп емес.

«Аз да болса, банктен қарызға ақша алғанмын», - дейді актриса Жанель Мақажан. Өнер иесі мүмкіндігінше борышкер болудан аулақ. Алайда, сылқым қаржыдан қысылғанда несиеге жүгінуге мәжбүр көрінеді.

Жанель Мақажан, актриса:

- Жалпы мен кредит деген ұғымға өте қарсы адаммын. Бірақ енді менде болған соң арасында бір майда кредиттер алып қалатын жәйт болады. Бірақ дегенмен осындай үлкен қомақты қаражаттағы осындай қарыз алу дегенге мен бас тартамын.

Бірақ Данагүл Темірсұлтанова әріпестерінің бұл қылығын құп көрмеді.

Ол осы күнге дейін бір де бір рет несие алмаған екен. Актрисаның өнердегі табысы өміріне жетеді екен.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

- Шынымды айтайын мен кредиттің не екенін білмеймін. Міне осы уақытқа дейін осы бүгінгі күнге дейін кредитті қала алып оны қалай төлейтінін мен шынымды айтайын білмейді екенмін. Шыны керек, енді бизнеста жүрген адамдар болғаннан кейін әрине кредит алады ғой. Біз енді ондай бизнесіміз болмағаннан кейін өмірі.

Данагүл Темірсұлтанова әсіресе несие арқылы бағалы телефон мен қымбат дүние сатып алатындарды түсінбейтінін айтады. Актрисаның пікірінше, бұл барып тұрған әбестік.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

- Бірнәрсені алмай-ақ қояйын соны кредитке алғанша. Машина болсын, біреулер кредитке алып жатамыз дейді жаңағыдай басқасы болсын. Мен ондай нәрсені білмеймін, біздер қарсымыз.