Карантин жеңілдетіле сала, ауқымды концерттер ұйымдастырылуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантин жеңілдетіле сала, әншілер сахнамен қайта қауышқанына қуанышты! Ұзақ уақыттан бері алғаш рет ұйымдастырылған ауқымды концерт «Алматы Арена» мұз комплексі алдында өтті. Бұл кеште q-pop өкілдері мен жас музыканттар өнер көрсеткен-ді.

Mad Men тобы:

- Карантинда отырып, біздің әрине сахнаға деген сағынышымыз үлкен болды. Бірақ-та, көбінесе жанкүйерлерімізді сағындық. Бүгінгі концерт өзі ерекше форматта өтейін деп жатыр. Адамдар көлікте отырып тамашалайды. Сахнаны қатты сағыннан кейін кішкене қобалжудамыз.

Сақтық мақсатында кешке келген көрерменге концертті көлікте отырып тамашалауға тура келді. «Mad Men» тобы тыңдарманмен энергетика алмасу бұл жағдайда қиын екенін айтады. Сол үшін де ұжым арнайы шоу әзірлеп, барын сала дайындалып келген.

Mad Men тобы:

- Біздің өзіміздің топтың концепциясы шоуға бағытталған ғой. Сондықтан да, бұл жағынан бізде ешқандай да проблема жоқ деп ойлаймын. Себебі біз әрдайым, концерттарда шоу көрсетеміз.

Шоу ұйымдастырмаса да, әсем әнін арнаған Мәди Рымбаев болса мұндай ерекше форматты да місе тұтады. Себебі, жас әнші ұзақ уақыт үйде отырып, сахнадан біраз жатырқап қалған.

Мәди Рымбаев, әнші:

- Соңғы жағдайға қарамастан, осыйлай бізге мүмкіндік беріп организаторлар концерт қойып жатыр. Біз кішкене форманы жоғалтқан сияқтымыз сол үшін

Жастар арасында кеңінен танылған Kyle Ruh та сахнаны сағындым деп отыр. Музыкант тыңдарманның көлікте отырып концерт тамашалауы әртіс үшін жаңа тәжірибие екенін айтады.

Kyle Ruh, әнші:

- Формат енді ерекше қызық бір жағынан ондайда тәжірбие болу керек сияқты. Өйткені өнер адамы үшін, қажет нәрсе деп ойлаймын.