Джокер ұлды болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джокер ұлды болды! Хоакин Феникс пен Руни Мара тұңғыш рет ата ана атанды! Хоакин қамшыұстарының атын, марқұм ағасының құрметіне орай – Ривер деп қойған. Ал актрисаның аяғы ауыр екені мамыр айының соңында, Батыстық папараццидың арқасында белгілі болған еді.

Шэрон Стоун мінсіз мүсінімен мақтанды! Актриса алыс екіні алқымдаса да, көз салатындардың көп екенін айтып мақтанды. «Осыған дейін қартайсам ешкімге керексіз болып қаламын деп ойлаушы едім. Бірақ қызыға қарайтындардың назары сенімділік сыйлады» дейді Шэрон.

Плюс 30 келі! Ресейлік әзілкеш Гарик Харламов карантиннің екінші жартысында, айтарлықтай салмақ жинап алғанын айтады. «Ешкімге оңай болмады. Әсіресе менің асқазаныма» деп әзілдеді ол. Актер бүгінде қатаң диетаға отырып, өзін реттеу үстінде екен.