Әлемге әйгілі «Billboard» чартының үздіктері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі «Биллборд» чартының үздіктер үштігінде Джастин Бибер! Музыканттың бір апта бұрын жарық көрген «Holy» трегі бірден хитке айналды. Әнші аталмыш композицияны америкалық хип-хоп орындаушы Chance The Rapper-мен бірлесе орындаған еді. Еске салсақ, бұл туынды қос өнерпаздың осымен бесінші калобарациясы.

Музыкалық чартта екінші болып Карди Би «WAP» трегімен жайғасты. Рэпер ару әнді жаңа жұлдыз - Megan Thee Stallion-мен дуэтте ұсынған. Ал тыңдарман көңілінен шыққан туындының бейнебаянында Кайли Дженнердің өзі бой көрсетеді.

Көш басында BTS тобы! Әйгілі оңтүстік корейлік бойзбенд «Dynamite» әнімен күллі әлемді аузына қаратқандай. Бір ай бұрын жарық көрген трек ютуб платформасында 416 млн-нан аса қаралым жинады. Одан бөлек, мемберлер «армиды» тағы бір мәрте қуанту үшін су жаңа альбом әзірлеп жатқан көрінеді.

Ал Тейлор Свифт болса, Уитни Хьюстонның өзін басып озып, «Billboard 200»-дің рекордын жаңартты! Тейлордың екі ай бұрын ұсынған «folklore» альбомы 47 апта бойы чартта бірінші болды. Еске салсақ, Уитнидің соңғы жинағы 46 апта сатылымы жоғары атанып келген еді.