Жәния Джуринская мешітте некесін қидырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше Жәния Джуринская, ресми түрде «ақ келін» мәртебесіне ие болды! Актриса, күйеуі – Данияр Хизметовпен мұсылмандық дәстүрлерді сақтап, некелерін мешітте қидырған. Бұл жайында жұлдызды жұп инстаграм парақшаларында жариялады. Атаулы күнде, қолдау көрсетуге Жәнияның жұлдызды құрбылары да келген. Олардың қатарында: Сая Оразғалиева, Дана Есеевалар бар.

«YOUNGSTERS» тобы елге сюжеттік желісі ерек, клип ұсынды! «ARIGATO» деп аталатын трек, бейнебаян шықпай тұрып та, жастар арасында кеңінен танылған еді. Туынды бір күннің ішінде 15 мыңға жуық қаралым жинап үлгерген және 2000-ға жуық жазылған пікірлердің ден бөлігінде жұмыстың сәтті шыққаны айтылған.

The Limba – платина королі! Әншінің «Смузи» трегі алты рет және «Я дома» альбомы 4 рет платина жүлдесін жеңіп алды. Орындаушы хейтерлеріне де жауап беруді ұмытпаған. Ол аталмыш жаңалықтың астындағы жазбаға «Менің бай-бақуатты ата-анама алғыс» деген, сарказмға толы жолдар қалдырған. Оны құттықтап жатқан жұлдыздар да жетерлік. Олардың қатарында: Егор Крид, Zheka fatbelly, Андро бар.