«New Generation Open Way» ең үздік жас дизайнерді анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

- Жаһандық пандемия фэшн саланы да аямады. Өкінішке қарай Kazakhstan Fashion Week биыл дүркірете өтпеді. Алайда соған қарамастан әйгілі сән апталығы жас дизайнерлерді қолдап отыр.

Карантинге қарамастан, Kazakhstan Fashion Week ұйымдастырушылары жас дизайнерлер байқауы - «New Generation Open Way»-ді онлайн форматта өткізуді мақсат тұтқан-ды. Конкурсқа 100 өтінім қабылданып, нәтижесінде ең үздік 18 үміткер іріктелініп алынған. Оларға «экология» тақырыбында киім үлгісін әзірлеп шығару тапсырылған-ды.

Алекс Чжен, KFW ұйымдастырушысы:

-Біз ары қарай ды экология тақырыбын қамтуды жөн көрдік. Осылайша, адамдарды табиғатты аялауға шақырамыз. Шикізатты қайта өңдеп те жаңа дүние шығаруға болытынын көрсеткіміз келді.

Аида Кәуменова, Назым Карпыкова, Сәкен Жақсыбаев сынды отандық сәнгерлерден құралған қазылар алқасына жеңімпазды анықтау оңайға соқпаған көрінеді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

– Өте қиын болды, бір дизайнерді таңдауға. Өйткені енді жұмыстары керемет. Әр модельдің қызықты бірнәрсесі бар, ерекшелігі бар. Енді мен ойлаймын осы дизайнерлердің бәрі талантты, дарынды балалар.

Ал 18 үміткер арасынан үздік атанып, көптің көңілінен шыққан – Алмас Керімбеков болды.

Алмас Керімбеков, жас дизайнер:

– Алмас сізді құттықтаймын. Енді коллекцияңыздың да тарихы ерекше деп естідім. Сол туралы айтып берсеңіз.

-Біріншіден, бұл стинг панк стилінде жасалған күртеше. Бұны мен велосипедный шиналардан жасадым, мұны барахолкадан тегін алынған нәрсе, ешқайдан сатып алған жоқпын. Ал бұл көйлек үйдегі маманың пердесінен алып алдым. Солай.

-Яғни, қазіргі эко тақырыбына толықтай сай келеді.

-Иә, иә, солай ойлаймын. Бұл образды мен былай елестеткем, образ қалыңдық ретінде құртылған әлемге өзінің мұңын шайып, басын төменге түсіріп. Ал ақ көйлек ол кірлеген Жер ананы көрсетеді.

Енді Алмас келер жылы Kazakhstan Fashion Week-те майталман дизайнерлермен бірге, өз таптамасын таныстыратын болады.