Арман мен Аша қыздарының туған күнін дүркірете атап өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Асылым ханшайымның балы»! Жұлдызды жұптың тұңғышына арнаған кеші дәл осылай аталады. Ашаның достары мен бауырлары жиналған туған күнде Арманның да бой көрсетуі көпті таңдандырғандай. Себебі, жанкүйерлер арасында «Арман мен Ашаның арасына сызат түсті» деген қауесет тараған-ды. Жұлдызды әке қызын 4 жасымен құттықтап, жарымен бірге туған күн тортының шамын үрледі.

Қазақстандық Оксана Устинова Ресейдің «Голос» жобасының алғашқы турынан сүрінбей өтті. Полина Гагаринаның «Драмы больше нет» туындысын орындаған отандасымыз, қазылар алқасы қатарында отырған ән авторын бірден өзіне қаратты. Гагарина Устинованың орындауына тәнті болғанын жасырмады. Бірақ жерлесіміздің таңдауы «Ленинград» тобының жетекшісі Сергей Шнуровқа түсті.

Бұған дейін «қазақ инди» бағытының орындаушысы ретінде кеңінен танымал Jeltoksan нью-скул әріптестерімен бірге жаңа коллаб ұсынды. Mountflower және Dude on the Guitar-мен жазылған туынды «Chill Chill» деп аталады. Тыңдарман қауым, өз кезегінде «Өзен» лейблының артисі ұсынған ерек тректі тағатсыздана күткен!