Балалар мен жасөспірімдер театрынынан тағы бір тарту!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наталия Сац атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрынынан тағы бір тарту! Өнер ордасы тұңғыш рет Марина Цветаева туралы музыкалы-поэтикалық қойылым ұсынды. Спектакль әйгілі ақынның өлеңдері негізінде әзірленген.

«ARS AMANDI. МАХАББАТ ӨНЕРІ» атауына ие болған бұл қойылымның режиссеры – Галина Ефимова.

Галина Ефимова, режиссер:

- Менің ойымша, Марина талантты ақын. Оны халық бекер «ұлы әйел» деп атамаған. Сондықтан, Цветава туралы пьеса қоюды өзіме міндет санадым. Ол үшін ақынның өлеңдерін жинақтап, зерттеу жүргіздім.

Сезім мен махаббатқа, музыка мен поэзияға толы бұл қойылымда басты рөл – ҚР Еңбек сіңірген әртісі Коржева Ольгаға бұйырған. Актриса Марина Цветаеваны сомдау үшін ұзақ уақыт дайындалғанын айтады.

Ольга Коржева, актриса:

- Ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл мен үшін өте ауыр спектакль болды. Осы театрда 30 жыл жұмыс істеп келемін. Бірақ дәл осындай қиын қойылым болмапты. Ұзақ дайындалдық, қатты уайымдадық.

Ал өнерсүйерқауым үшін театр есігі әрдайым ашық! Жаңа маусым премьералары алдағы уақытта халық назарына ұсынылмақ.