Ғалымжан Молданазар бұдан-былай музыкалық продюссер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғалымжан Молданазар бұдан-былай музыкалық продюссер! Музыкант «Moldanazar Music» атты лейбл ашып, 3 жыл бойы шәкірттерін дайындаған еді.

Әнші осылайша жас өнерпаздарды қолдамақ ниетте.

Moldanazar, музыкант:

- Менің талабым ең бірінші сазгер болу, ақын болу. Жігіттер өздері жазады мәтінін әнін сөзін барлық аспаптарда ойнайды. Сол себептен әзірге осы төрт жобамен 5 жылдай жұмыс жасаймын деген ой бар.

Молданазардың алғашқы жобасы – Орынхан. 27 жастағы әуесқой музыкант, өзінің ерекше тембрімен Ғалымжанның көңілінен шыққан көрінеді.

Moldanazar, музыкант:

- Орынханның бағыты ол Орынханның тікелей ішкі жан дүниесі. Сол себептен, менде де бір бағыт жоқ. Өйткені әр түрлі бағытты эксперимент жасап, сол себепті Орынханда тура біздің топ сияқты.

Орынханның ән орындау стилі фолк жанрында. «Негізі мамандығым мүсінші, музыкалық білімімді Молданазар мектебінде толықтырдым», -дейді ол.

Orynkhan, музыкант:

- Осы жарты жылдың ішінде көп нәрсе білдім көп нәрсе үйретті маған. Қалай музыкалық аспаппен жұмыс істеу жалпы, саундпродюсерлік. Өзіңді қалай сахнада көрсету жалпы үлкен үлкен өзінің тәжірбиесімен бөлісіп.

Таяуда ғана «Дәрумен» атты дебюттық альбомы жарық көрген Орынхан кеш барсыныда су жаңа бейнебаянын ұсынды. «Уайымдама» атты клиптің режиссері Асқар Ұзабаев.

Orynkhan, музыкант:

- Клиптің идеясы жалпы Ғалымжан ағаның идеясы. Музыканы тыңдай отырып көп шабыт алып. Осындай бір елес келді сол, бұйырса көре жатарсыздар, бәрін ашпай-ақ қояйын. Ұнайды деп ойлаймын.

Молданазар алдағы уақытта тағы 3 бірдей жобасын сахнаға шығармақ. Сондай-ақ, муызкант аталмыш шара барысында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы документалды фильм де ұсынды.