Серік Ибрагимов су жаңа клипін ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Желі жұлдыздарымен коллаб жасап, аудиториямды кеңейтемін», - деген Серік Ибрагимов су жаңа туындысын көрермен назарына ұсынды. Махаббат хикаясы жайлы бұл бейнебаян ютуб платформасында бір тәулікке жетпестен 454 мыңнан аса қаралым жинаған. Өнер иесінің діттегені орындалғанын, жазылған пікірлерден-ақ аңғаруға болады. Көрерменнің басым бөлігі клипті вайнерлер үшін тамашалағанын ашып жазған.

Назима да өз тыңдарманын жаңа туындымен қуантты. Блэк старлық ару, күні кеше жарық көрген «Зачем» трегіне бейнебаян ұсынды. Клип сюжетіне сатқындықпен аяқталған махаббат оқиғасы негіз болған. Бұны көрген қалың көпшілік: «Назима әлі де өткен өмірін ұмыта алмай жүр», - деп топшылауда.

Салтанат Бақаева да шығармашылығындағы жаңалығымен қуантты! Көптен бері жаңа ән ұсынбай келген бикеш су жаңа трегінің тұсауын кесті. «Жаным» деп аталатын туындысының жарық көргенін әнші инстаграм парақшасында қуана мәлім етті. Әзірге ән көпшілік көңілінен шығып жатқандай.