«Apple Music Awards» үздік музыканттарды анықтады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі бренд екінші жыл қатарынан «Apple Music Awards» премиясын өткізіп отыр. Аталмыш шара «Apple Music», «iTunes» музыкалық чарттарынан түспеген, трендттегі әншілерді марапаттайды.

Сонымен, биыл «Жыл әншісі» номинацясы бойынша Lil Baby топ жарды! Америкалық хип-хоп орындаушыға бас жүлдені иемденуге соңғы «My Turn» альбомы себеп болды.

«Жыл жаңалығы» - Megan Thee Stallion! Өнерге жаңадан қадам басқан әншіге Cardi B-мен бірігіп орындаған «WAP» және тик-токта хитке айналған «Savage» тректері танымалдылық сыйлады! Аталмыш туындылар «Apple Music»-те 300 млн рет тыңдалған.

Ал «Жыл авторы» аталымы бойынша Тейлор Свифт ең үздік! Өнерпаздың пандемия кезінде жазылған «Folklore» жинағы жарық көре сала, «iTunes» музыкалық чартында бірінші орынға жайғасып, рекорд орнатқан еді.

Тейлор Свифт, әнші:

- Сене алар емеспін, «Apple Music Awards» сіздерге алғысым шексіз. Студиядан жырақта, үйде жатып шабыттанып жазған туындыларым бағаланып жатыр. Менен асқан бақытты жан жоқ шығар.

«Apple» мамандарының пайымымен «Жыл әні» - «The Box» трегі. Родди Ричтың тың туындысы музыкалық чартта 460 млн рет тыңдалып, құлаққаптардан түспеген көрінеді.

Бұл Родди Ричтің «Apple Music Awards»-та еншілеген жалғыз мүсіншесі емес! Музыкант одан бөлек, 1,5 млрд рет тыңдалған «Please Excuse Me for Being Antisocial» үнтаспасымен «Жыл альбомы» статуэткасын да қанжығасына байлады.