Шоу-бизнес өкілдері «Грэмми» үміткері Иманбекке сәттілік тілеуде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасында Иманбектің жетістігіне қуанғандар көп. Мәселен, Zheka Fatbelly жағымды жаңалықты ести сала, музыкантқа хабарласып, ең бірінші болып құттықтаған екен. Жеңіс Омаров: «Грэммиді алса да, алмаса да Иманбек мен үшін жеңімпаз», - дейді.

Zheka Fatbelly, музыкант, вайнер:

- Вчера только кричал по дому бегал иманбек деп орал. Я ему написал, списались. Вообще простой пацан. Только вперед удачи, красава. Қазақтың атын шығарып жатыр ғой действительно. Иманбек ат тұр да, Ашер и Иманбек деп тұр да қасында. Сол ғой, понимаете это очень круто.

Ал Дильназ Ахмадиева Иманбектің тыңдарманы болып шықты. Әншінің муызкалық плейлисті Зейкеновтың трегінен басталады. «Елімізді әлемге танытқан кез-келген жанға жанкүйермін»,- дейді Дильназ.

Дильназ Ахмадиева, әнші:

-Кәсіби музыкант болмаса да, бойындағы талантымен бүкіл әлем тыңдаған керемет ремикс жасады. Қарапайымдылығы бір төбе. Иманбектей азаматтың мен туған елден шыққанына мақтанамын.

Жәния Джуринская болса, Павлодарлық өнерпаздың жеңіске жететініне жеңісіне кәміл сенеді. Өзге номинанттармен танысқан актриса: «Иманбек қарсыластарынан көш ілгері», - деген пікірде.

Жәния Джуринская, актриса:

- Иманбек жеңеді деп ойлаймын. Шынымен де барлық би алаңдарында қосылған, бүкіләлемдік хит шығарды. Қалған номинанттардың тректерін естімегенмін де. Сондықтан, Иманбек саған сәттілік тілеймін. Қайткенде де сен өзіңді жарқын қырыңнан көрсете алдың.

Еске салсақ, осымен 63-ші рет өткелі жатқан Грэмми марапатының жеңімпаздары 2021 жылдың 31-ші қаңтарында белгілі болмақ.