Карантинде кино актерларының гонорары түсті ме, өсті ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

Карантинде кино актерларының гонорары түсті ме, өсті ме? Бұл бүгінгі күннің актуалды сұрағы. Көп көкейіндегі сауалға, жаһандағы жағдайға қарамастан, қатарынан қос фильм таспалаған кинопродюсер – Нұрлан Қоянбаев жауап беріп көрді. «Әлемдегі дағдарысқа қарамастан, компаниям жұмыс істеуде. Ешкімді аш қалдырмадым»,-дейді ол.

Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:

– Жалпы кино түсіру саласында гонорарлар түскен жоқ. Кейбір жерде көтеріліп те жатыр. Бірақ енді біз пандемия карантинге қарамастан, біздің компания жұмыс істеп жатыр. Бүкіл ұжым айлық алып жатыр. Біз тоқтатқан жоқпыз.

Продюсердің пікіріне актер, шоумен – Дәурен Айдарқұлов та қосылады. «Жобалар тоқтағанымен, той тұраламады. Тұрақты табыс бар. Гонорарымнан теңге де түспеді»,-дейді ол.

Дәурен Айдарқұлов, актер:

– Кейбір кісілер гонорарларым Алматы қаласында осыншама дейді. Сыртқа шықса басқаша деп айтады. Менікі әзіргі уақытқа дейін жалпы бүкіл Қазақстан аумағында гонорарым сол бірқалыпты болып келе жатыр. Бір миллион.

Қалыпты қаламақысын сақтап қала алғандардың бірі, бүгінде сұраныстағы актриса – Дариға Бадықова. «Продюсерлер ақша аз деп, етектері жасқа толып хабарласады. Бірақ ортақ бір шешімін тауып жүрміз», - дейді киногер.

Дариға Бадықова, актриса:

– Гонорар төмендеді деп айта алмаймын. Бірақ енді әрине сұрағыңызға қарай, уайым болады. Бірақ енді құрсын «Қай атам жаудан қайтқан» дейсің ғой. Әйтеуір тірі адам тіршілігін істейді. Кеудеде жан бар. Бірдеңесін қарастырамыз ғой дейсің.

Иә, табаны кино әлемінде бекіген өнер өкілдерінің аш қалмасы анық. Бірақ карантиннен туған кризис, талай жас актерлардың қалтасын қағуда.