Жұлдыз Өмірғали не үшін өзін кінәлі сезініп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Бақтыбаева бүлдіршінге көңіл бөлу тек анасының міндеті емес екенін алға тартады! Сондықтан актриса кішкентайының тәрбиесімен жарымен бірге айналысады. Ал бала бағуға келгенде, Динараға қол ұшын созуға әзір жандар көп көрінеді.

Динара Бактыбаева, актриса: – Білесіздер ме маған қиын емес, себебі үйде көмекшілерім көп. Менің енем, қайын сіңілім, есімі Амина, ол 3 сыныпта оқиды, бірақ Аяшкаға үлкендер секілді қарайды. Керек кезінде тамақтандырады, ұйықтатады. Оған жарайсың деп, таң қаламын. Күйеуім бар, атам келген сондықтан қазір менің бос уақытым көп.

Әсем Жакетаева болса қызының тәрбиесіне келгенде ешкімге сенбейді! Себебі әнші ханшайымына тек өзі қарайды. «Тіпті, кішкентайымның жан-жақты өсуі үшін бар күшімді сарп етуге әзірмін», - дейді Әсем.

Асем Жакетаева, әнші: – Барлық уақытымды, көңілімді бала тәрбиесіне бөлемін. Себебі ана болу ең басты мақсатым, отбасылы болу, ана болу, әрине қызым жан жақты өссін деп, вокал, фортепиано, балет үйірмелеріне барып жүр, оған қоса мектепке дайындығы басталды.

Алайда аналардың бәрі Әсем сияқты емес! Мәселен, Жұлдыз Өмірғали бұл күндері өзін бүлдіршіндерінің алдында кінәлі сезініп жүр. Өміріні өнермен тоғыстырған әнші, уақытының біраз бөлігін балаларынан алшақ өткізетініне алаңдайды.

Жұлдыз Өмірғали, әнші: – Кейбір кездерде ойлап қалам басқа қала, Нұр-Сұлтан қаласына мысалы байқау арқылы кетіп қалғаннан кейін кейде ойлап ішімнен қысыламын, осылай мен жөнді ана емеспін па деп. Бірақ енді барлығы солардың болашағы үшін жасалынып жатыр.

Алайда, бала тәрбиесі мен өнер жолын қатар алдып келе жатқан жас ана жалғыз Жұлдыз емес. Олардың қатарында Ақбота-Нұр Абайқызы, Сиви Махмуди, Аша Матай да бар.