Billboard Music Awards марапатының жеңімпаздары белгілі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Billboard Music Awards әдеттегідей қызыл кілем қызықтарынан басталды! Ағайынды Джонастар, Маршмэллоу, Bad Bunny, Пинк арнаулы жолақтың алғашқы қонақтары атанды. Көптен бері көрінбей кеткен Пинк жұлдызды басқосуларды сағынса керек, журналистерге ақтарыла сұхбат берді.

Pink, әнші:

– Дәл осындай кештерге, әсіресе лайф шоуларға қатыспағалы көп болды. Биллборд шарасында осыдан 5 жыл бұрын өнер көрсеткен едім. Бүгін де ерекше перфоманс ұсынбақпын.

Салтанатты кешке қатысып, көпті қуантқанның тағы бірі -Алиша Киз. Бикеш әсем образымен ерекшелене білгендей. Кейіннен қызыл кілемдегілер қатарына Doja Cat пен H.E.R. да қосылды.

H.E.R., әнші:

– Бүгін DJ Khaled-пен ортақ ән орындаймын. Сондай-ақ, екеуіміз бірлесе су жаңа альбом дайындап жатырмыз. Тыңдарманға ұнайды деген үміттемін.

DJ Khaled-дің өзі де бұл шарада төбе көрсетті. Алайда, хип-хоп орыдаушы тиімді сәтті пайдаланып, шығармашылығы емес, өміріндегі жаңалықтарымен бөлісуді жөн көрді.

DJ Khaled, хип-хоп орындаушы:

– Ұлым Ассадты бастауыш сыныбын бітіргенімен құттықтаймын! Асад мен сені жақсы көрем!

Billboard Music Awards-та балаларын сөз еткен жалғыз DJ Khaled емес! Мәселен, шарада «Икона» марапатына ие болған Пинк қызымен бірге әсерлі перфомнас ұсынса, Drake сахнаға ұлын ерте шықты. Кішкентай Адониске әкесінің «Онжылдықтың әртісі» атты мүсіншесін көтеруге тура келді.

Бұл кеште триумфатор сөзсіз - The Weeknd! Канадалық орындаушы он бірдей номинацияға ие болды. Олардың ішінде «Үздік әнші», «Ерлер арасындағы үздік әнші» сынды аталымдар да бар.

«BTS» тобы болса, «Үздік топ» ретінде төрт бірдей мүсіншені еншілесе, Тейлор Свифт «Әйелдера расынан үздік орындаушы» атанды.