2Rar мен Taspay ортақ бейнебаян ұсынбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тағы бір дуэттен тың туынды дүниеге келмек! Бұл жолғы ерекше фиттың авторлары 2Rar мен Taspay. Тіпті олар бірден клип түсіруді қолға алған. Мұндай тандемнің пайда болуына Есболаттың өзі себепкер болған екен.

2Rar, әнші:

– Таспай өзі айтты, хабарласты да фит жазып көрейік деді. Менде бір трек бар дегеннен кейін, мен де өзімнің куплетімді жаздым, солай трек дүниеге келді. Тректі жазғанымызға 1 айдай болды, ақыры шығарғаннан кейін видеомен ұсынайық дедік.

Бейнебаянның режиссері Данияр Амангелдиев. Ол осыған дейін Тұрардың бірнеше клиптерін түсірген. Бір қызығы, алғашында бейнебаян таспалау мүлде ойда болмаған.

Данияр Амангельдиев, режиссёр:

– Муд видео сияқты түсіргіміз келді. Бірақ соңында толыққанды бейнебаянға айналып кетті. Бірден әнді тыңдадық. Музыка қайғы-мұңға толы, махаббат туралы. Сосын біз оған жеңіл сюжеттік линия ұсынғымыз келді.

Ән махаббат машақатын басынан өткізіп жүрген жандар жайлы болмақ. 2Rar мен Taspay бейнебаяндарында басты рөлді өздері сомдайды. Ал олардың жүректерін жаралаған арулары рөліне Разиюша мен Томирис бекітілген.

Томирис Ибрахан, актриса:

– Тұрар съемкадан 6 сағат бұрын звондап, түсе аласың ба деп сұрады. Тез жиналып түсірілімге келдім. Жарты жылдай таныспыз, араласамыз, бұл біздің бірге жасап жатқан бірінші жұмысымыз.

Томирис клипке түсетінін 6 сағат бұрын білсе, Разиюша Тұрардан алдын-ала шақырту алған. Сондай-ақ, Кузиеваның клип актрисасы ретінде бұл алғашқы дебюті. Разияға еңбекақы маңызды емес, 2Rar екеуінің достығы бірінші орында екен.

Разия Кузиева, әнші, актриса:

– Бізде по-свойский ғой гонорар деген. Мы с Тураром знакомы хорошие, так что, ақша мәселесі емес, в основном мен үшін бұл опыт, дебют. В первый раз снимаюсь в клипе. Ақша деген жоқ, бір лагман береді, болды сонымен. Тамақ беріп алдап алдап.

Ал кезекті туынды 2Rar-дың айтуынша бұрыңғылардан мүлде бөлек болмақ.

2Rar, әнші:

Негізінен мен көп рэп айта бермеймін, бірақ осы жолы хип-хопқа жақындау қылып істедік. Таспай өзінің стилінде, мен өз стилімде. Әркім өзінің сөзін, мотивін өзі жазды.