Жеңісхан Момышев «Тиктоктың» дәуірі өтетінін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымалдылығын тикток арқылы арттыруға әркімнің-ақ бар таласы! Тіпті, аталмыш әлеуметтік желіні тиімді пайдаланатынуға тырысатындар да көп. Мысалы, желі дұлдызы Разиюша бұл платформа арқылы үнемі трендттен қалмауға болатынын айтады.

Разия Кузиева, әнші, блогер:

– Шыны керек мен қазір тиктокта көп отырамын, инстаграмға қарағанда. Просто өзіме не ұнайды соны түсіріп сала беремін. Осындай блогермін мен енді.

Бүгінде түрлі пранктарымен елді шулатып жүрген Алмас Есенхан тик-токқа тіркелген. Алайда, аталмыш желіде өзі емес, оның фан-парақшалары белсенді екен.

Алмас Есенхан, пранкер:

– Дәл қазір менің өзімнің парақшама қарағанда басқа фан парақшалардың кәдімгідей оқырмандары көп, просмотрлары көп. Енді ол маған кері әсерін тигізеді деп те айта алмаймын, қайта жақсы деп ойлаймын.

Ал әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген тиктокта белсенді болмауының сырын былай деп түсіндірді.

Нұрсұлтан Жақсыген, блогер:

– Тиктокта 300 мыңдай оқырманым бар. Тикток түсірсем біраз тиктокерлер қалып кетеді деген ниеттемін. Түсірмей жүрмін, сәл-сәл дамып алсыншы деп.

Есесіне, Жеңісхан Момышев тикток арқылы танымалдылығын шарықтатуға асықпайтын сыңайлы! Себебі, режиссер бұл қосымшаның болашағына күмәнмен қарайтынын жасырмайды.

Жеңісхан Момышев, режиссёр:

– Кезінде есіңізде болса емшілер қаптап кетіп еді ғой, одан кейін юристтар қаптап кетті, енді қазір блогерлардың заманы. Блогерлардың алдында инстаграмщиктар қаптап кеткен. Одан кейін инстаграм кішкене тыныш боп, тикток боп кетті. Сондықтан, бұл заманауи өзінің уақыты. Келіп жоғалып, келіп жоғалып бұл да кетер.