«Billboard top100» чартының үздіктері анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі корейлік бойзбенд БТС-тің британдық рок-ұжыммен ортақ коллаборация ұсынғаны «арми» үшін тосын сый болғаны анық. «My Universe» атты бейнебаяны жарық көрсе сала, бір сағаттың ішінде 10 млн-нан аса қаралым жинады. Музыканттардың жаңа композияциясы сондай-ақ, стримингтік платформалардан 100 млн рет тыңдалып үлгерген.

Justin Bieber-дің 2 ай бұрын жарық көрген «STAY» трегі әлі күнге дейін сұраныста. Өнерпаздың жас рэпер The Kid LAROI-мен бірігіп шырқаған әнінің таралуына тик-ток желісі септігін тигізген еді. Әуен ютубта 232 млн рет қаралса, тик-токта 7 млн-ға жуық видео таспаланған.

Соңғы бір жылда хитмейкер атанған Lil Nas X-тың әр туындысы трендтен түспейді. Амеркалық хип-хоп орындаушы «Industry Baby» әнімен «Billboard» чартының үздік үштігіне енді. Музыкант аталмыш тректі рэпер Jack Harlow-мен бірге орындаған болатын.