«Шаншар» әзіл-сықақ театры Алматының төрінде жеке концерттерін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Уәлибек Әбдірайымов пен Жүсіп Ақшора 60 жас мерейтойларын, кеш беріп, дүркіретіп атап өтті! Сонау 1995 жылы іргетасы қаланған «Шаншар» әзіл-сықақ театры осы күнге дейін ел арасында танымалдылығын жоғалтпай келе жатқан бірден бір ұжым. «Қалжыңдары халыққа жақын. Үйіңіздегі мәселені біздің сахнадан көресіз», - дейді Уәлибек Әбдірайымов.

Уәлибек Әбдірайымов, «Шаншар» театрының директоры:

– Бір-ақ сыры бар, ол қазақи қалжың. Қазақи күлкіні айту, ол шеберлікке байланысты. Қазақ тілін жақсы меңгергендерге байланысты.

Ағаларын құттықтап, еліміздің бірнеше ірі театрлары, әншілер мен әртістері де шарада төбе көрсетті. Атап айтқанда: «Алдараспан», «Шымкент шоу», Жұбаныш Жексен, Заттыбек Көпбосынов бар. «Бір ауыз сөзімізді тастамай, концертімізді қолдап бәрі жиналып қалды», - дейді тетар директоры.

Уәлибек Әбдірайымов, «Шаншар» әзіл-оспақ театрының директоры:

– Осы сахнаны сағынған әртістер көп қой. Әншілер көп. Айта қалып ек, дерек бірнен кейін бірі, неге құттықтамасқа деп, жиналып қалдық енді.

Кеш жүргізушісі – Жанатбек Бәйтеков халықты, халық оларды сағынғанын айтады. «Карантиннен кейінгі алғашқы ауқымды концерт қой. Қатты шабыттандым. Бұндай дәрежеге жету Жүкең мен Уәкеңнің арқасы», - дейді ол.

Жанатбек Бәйтеков, әзілкеш:

– Көрерменнің қол соғу қошеметі, ел сағынған. Өздерінің жақсы көретін әртістері 60+60-қа келіп отыр. Сыры бұлардың ауызбіршілігінде деп ойлаймын.

Әріптесінің пікіріне, концертте әдеттегідей қойылым қоймай, ән айтқан Әбунасыр Серіков та қосылатынын жеткізді. «Шаншардың» феномені олардың ел естігісі келетін әзілдерді ойнауында»,-дейді.

Әбунасыр Серіков, актер:

– Өнерін сүйеді. Өнерін сүйген адам, өзінің жұмысын сүйген адам ол ешуақытта шаршамайды. Екі ағамды Алла тағала қосқан. Біреуінің қолы тимей жатса, Жүкең сол жерде. Жүкеңнің қолы тимей жатса, театрда Уәкең.

«Алдараспан, Шаншардың ізін басып келе жатқан баласы»,-деп әңгімесін бастаған – Нұржан Төлендиев, ұстаздарын мерекелерімен құттықтады. Қала берді, Тука желтоқсанға өзінің де жеке концертін жоспарлап отыр екен.

Нұржан Төлендиев, әзілкеш:

– Уәлибек көкеміз, Жүсіп ұстазымыз алпысқа келіп жатыр. Екеуін қоссаң, 120. Ұстаздарымыз аман болсын. Дендері сау болсын.

«Шаншардың» 60+60 әзіл-ән кешінде: Төреғали Төреәлі, Ғазизхан Шекербеков, Мейрамбек Беспаев, Роза Әлқожа сынды танымалдар да төбе көрсетті.