Отандық актерлар бір амплуада қалып қоюдан қаншалықты қорқады?

Сообщить о проблеме с эфиром

15 жылға жуық Күлпашты ойнап келе жатқан – Берік Тұрсынбеков, үнді киноларындағыдай жауыз адамды сомдағысы келеді екен. «Бірақ әзірге режиссерлар тек жағымды образдарды ұсынады»,-дейді актер.

Берік Тұрсынбеков, актер:

– Бала күніменнен қатыгез, жауыз адамдардың рөлін жақсы көретінмін. Әсіресе анау индиский кинодағы Синх мырза. Солар сияқты қатыгез рөлдерді жақсы көретінмін. Әлі сол ойымда жүр, бала күнгі арманым. Әлі оны жасаған жоқпын.

Ал актер Әшім Ахмет керісінше, жағымды кейіпкерге жете алмай әлек.

Әшім Ахметов, актер:

– Көбінесе кинода мен жаңағыдай батырлар, ұрып соғатындар, мафиялар, енді типажым сондай болғандықтан сондай рөлдерді ойнаймыз. Ал, бұл сахна болғандықтан, бұл жерде бізге өзімізге кез-келген рөл берілсе, соны алып шығуға тырысамыз. Бұл біздің міндетіміз деп айтсақ болады актер ретінде.

Бір типажда қалып қоюдан қатты қорқатындардың бірі – Рүстем Жаныаманов. Жанұялық телесериалдарға түсетін актер: «Жобаға келісім бермес бұрын, сценарийға аса мән беремін. Тек бір бағытта қалып қою – қасірет»,-дейді.

Рүстем Жаныаманов, актер:

– Шыны керек, бір образда қалып кетуден өте қатты қорқамын. Кез келген актер сияқты. Өйткені бір қалыпқа түсіп, бір қалыптағы актер болып қалсаң, ол үлкен бір трагедия деп ойлаймын. Сен актер болып, мамандықты таңдадың ба, сен комедияны да ойнауың керек, сен драманы да ойнауың керек.

Бір рөлді ұзақ армандаған актерлардың арасында: Азамат Сатыбалды бар. Ол Мұқағали Мақатаевты сомдауды 15 жыл күткен. Бұл тізімге кері кейіпкерді ойнап, эксперимент жасағысы келетін – Әбунасыр Серіковты да жатқызамыз.