Әлішер Кәрімов тек брендтік киімдерді тұтынатыны рас па?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үнемі трендте жүруге ұмтылатын Айнұр Нұрсейітованың әйгілі брендтердің әр таныстырылымын қалт жібермейді екен. «Ғаламтор арқылы жаңа коллекцияларды майшаммен қарап, содан кейін ғана тапсырыс беремін», - дейді блогер.

Айнұр Нұрсейіт, блогер, модель:

– Инстаграмда қарап жатамын. Не қазір шықты қандай новинкалар бар деп. Сондай енді өзіме қатты ұнап жатса. Енді бар ғой трендте бірақ бұл модный екен бірақ саған жараспайды, саған ұнамайды енді ондай нәрселерге мен көңіл бөлмеймін.

Ал Әлішер Кәрімовтың киімге келгенде талабы мен қалауы жоғары. Әнші мейілінше қымбат әрі сәнді заттарды тұтынуға тырысады. Оның ең сүйікті бренді – «Dolce & Gabbana».

Әлішер Кәрімов, әнші:

– Әне ілініп тұр, киімдерімнің барлығы Дольче Габбанадан. Үш лук дейміз ғой, үш выходқа. Иә, неден аяқкиімнен бастап бабочкаға дейін. Иә, барлығы «Dolce & Gabbana».

Ал экс-EQ-лық Еско бренд пен тренд қуалайтындардың қатарынан емес. Әнші кимді бағасына емес, сапасына қарап таңдайды екен.

ESKO, әнші:

– Ондай тренд қуалап, мынаны алу керек екен деген не жоқ. Өйткені біз поколения «Х»-па, «W»-ба, сондаймызба, өзінің бір определенный жылдардың бір поколениясы бар. Ал 2006-2005 қазіргі уақыттың жастары поколения «Z». Яғни трендті қуалайды. Қазір «не модно» болып жатыр деген сияқты сондай нәрсені қуалайды. Мен ол уақыттан өтіп кеткен сияқтымын және маған қызық емес.

Сондай-ақ, бренд құмар жұлдыздар қатарында Баян Алагөзова, Ерке Есмахан, Назым Әбілдина да бар.