Mood video-лар неге жиі түсіріліп кетті??!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мирас Жүгінісов бүгінде «муд» видео таспалаудан бәрінен бірінші десек, артық айтпаспыз. «Соңғы шыққан «Зымыран» әнімді асығыстықпен клипсыз-ақ шығарып жібердім», - дейді өнер иесі.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Бірақ та кейбір әндер болады өзіңе жүрегіңе жақын сен оны тез шығарғың келіп тұрады да клипсыз-ақ.Мысалы, «Зымыранда» мен жаздым да и сразу тезірек шығарсақ қой деген оймен шығарып жіберіп, артынан муд видеомен бірге шығардық. Муд видеоны түсіру де оңай былай қарасаңыздар, бірақ та клиппен түсірген өте бөлек.

Мирас осыдан 3 жыл бұрын шыққан «Сенімен» атты трегіне 2 апта бұрын муд видео түсіріп, желіге жарыққа шығарған еді. Жүгінісовтың ескі әндерін қайта таспалап, жандандыруының өз себебі бар екен.

Мирас Жүгінісов, әнші:

– Болашақта мен өзімнің үлкен сольный турымды бастағым келіп отыр. Қазір енді ұмытылып кеткен менің әндерім болса да, ұмытылып кетті дегенде ондай көп емес. Бірақ та, адамдар сөздерін жаттап бұйырса мен концертке шыққан кезде менімен бірге әндетсе деген оймен.

Ал әнші Әміре: «Кім не түсірсе де ең бастысы халыққа сапалы дүние ұсынса болғаны», - дейді. Оның ойынша, телефонға таспаласаң да өз еркің, қазіргі заманда бейнебаян ұсыну міндетті емесс.

Әміре, әнші:

– Енді қазір көбісі муд видео түсіріп жатырғой, ерекше сондай. Западтада сондай жақсы бір практика бар, өзге елдерде де, бізде де. Сондықтан ең бастысы сапалы, тәтті, ерекше көзқараспен жасалса және мен айтам соткаға түсірсең де ол қазір сондай заман.

«AlZaBi» тобы: «Қаражат болмаса, муд видео таспалау арқылы түріңді халыққа таныта аласың», - деген ойда. Олар осы күнге дейін әндерінің көбіне бейнетаспа ұсынбаған.

«AlZaBi» тобы:

– Жаңағы муд видео деген қатты әсер етіп жатыр. Клип түсірмегеннен кейін, халыққа өзіңнің медийность жағынан бет-келбетің жағынан таныла қоя алмайсыңғой негізі клип болмаса. Олай бірақ жаңағы муд видеоның арқасында біздің өлеңнің жай ғана картинкалары үлкен просмотр жинап келе жатыр.

Еск есалсақ, муд видеоны жиі ұсынатын әншілер қатарында Қанай, Дана Кентай, Еңлік, 2Rar бар.