Ахон Бержан мен диляра тұңғыштарын перзентхандан шығарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыканттар, шоқ-шоқ гүлдер мен бағалы сыйлықтар! Ахон Бержанның ұлын перзентханадан шығарып алуы блогерлер үшін бір мереке болды. Әріптесінің қуанышына ортақтасу үшін желі жұлдыздары түгелдей бас қосты.

2021 жылдың басында шаңырақ көтерген Ахон мен Диляраның тұңғышы ұл. Алғаш рет ата-ана атанған блогерлер әлі күнге дейін бұл жаңалыққа сене алмай жүргендерін айтады.

DILYARA, блогер:

– Қазіргі ошущение чувстовать етіп тұрған ошущение вообще не передать словами. Өзім ана болғаныма сенбей жүрмін ғой до того. Қатты қуаныштымын. Барлығы жақсы шүкір. Аллаға шүкір барлығы жақсы.

Ахон Бержан, блогер:

– Есімін қойып тастадым, есімін менің мамам қойды. Есімі Амир. Бойын білмеймін, салмағы 4 кг болды, 4,50 ма сондай болды. Үлкен болып шықты, качок.

Еске салсақ, Ахон мен Диляра алғашында ютуб платформасында пранк түсіріп танылған еді. Бүгінде инстаграмда 2,5 млн оқырманы бар блогерлер отбасылық контент ұсынып, ауқымды аудитория жинап алған. Енді Ахунтай Бержан кішкентай ұлымен бірге ортақ видеолар таспалаймын деп отыр.

Ахон Бержан, блогер:

Қысылмаймын қазіргі уақытта, даже бүгін де көрсетіп жатсам үйтіп сөз тимейді деген сеніммен, ішімде ой салдым сондай и тимейді деп те ойлаймын.

Ахон сынды таяуда ғана әке атанып, бөбегімен арнайы контент ұсынып жүргендердердің бірі блогер Дархан Жолшыбаев. Думанды шараға келген Дарикорнның жары келелі кеңестерімен бөлісті.

Дархан Жолшыбаев, блогер:

– Былайынан айтқан кезде, барлығы уақытысы келе орнына келеді екен. Басында қиын болады. Аяқ жағы тәтті болады екен. Қазір баламыз өсып жатыр, тьфай-тьфай, қазір басындағыдай емес, өсіп кәдімгідей түрі келіп адам болып қалды бір сөзбен айтқанда.