Грин-карта жеңіп, АҚШ-қа көшкісі келетін әртістер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

1946 жылдан бері ойнатылып келе жатқан АҚШ грин-картасының берері зор. Жұмысқа орналасу мен штаттарды емін-еркін аралау. Тағысын-тағы. Қазақстандық әртістерді де қызықтыратыны сол. Шығармашылықтарын мұхит асырып насихаттау.

Десе де, Айқын Төлепберген Америкаға тек демалу үшін бара алатынын айтады. «Мен үшін мүлде жұмбақ ел. Тұра да, жұмыс істей де алмас едім»,-дейді.

Айқын Төлепберген, әнші:

– АҚШ-қа саяхаттауға бару керек. Ал ол жақта жұмыс істеу... Егер сіз өзіңізді Қазақстанда реализовать етпесеңіз, АҚШ-та конкуренция тіптен жоғары. Сондықтан өйтіп рисковать етудің қажеті жоқ. «Где родился, там и пригодился», - дейді ғой. Бірақ әркімнің амбициясы әртүрлі.

Айым Сейітмет те әріптесі секілді, АҚШ-қа тынығу мен бал айын өткізу үшін барғысы келген екен. Бәрі дайын болып, ұшу ғана қалғанда жаһандық пандемия басталып, елде қалған. «Бірақ біз болашақта тағы бағымызды сынап көреміз», - дейді өзі.

Айым Сейітметова, актриса:

– Негізі Америкаға виза ашқан болатынбыз. 10 жылға. Енді мартта барайын деп жатқанда, билетті енді алайын деп жатқанда осындай жағдай туындап қалды. Енді өкінішке орай күту керек. Қашан ашылады.

Ал Тұрар Ыдырыс болса, Америкаға көшіп кетуге қарсы емес. Ол үшін әнші тіпті әрекеттер де жасап көрген екен. Бірақ нәтиже болмаған.

Тұрар Ыдырыс, әнші:

– Американың грин-картасы болса, ол ең күшті нәрсенің бірі ғой. Менің жеті сестрам бар туған. Жетіншісі Америкада тұрады. Уже 6 жыл болды. Сондықтан, я бы очень сильно хотел бы. Менде бір рет отказ келген.

Грин-карта ұтысына байланысты лотерея 6 қыркүйектен бастап, 9 қарашаға дейін ойнатылады.