Құралай Анарбекова «Тойхана» фильмінің тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

– Тойхана картинасы көрерменмен қауышпақ! Еске салсақ, бұл фильм әртістердің күйін карантиннен бұрын болжаған еді. Құралай Анарбекова бұл идеяны қайдан алды? Дәл қазір өзінен біліп көрейік.

Дәл осылай Анарбекова премьераны нағыз қазақтың тойына айналдырды! Баннер, тәтті торт пен әзілқой асаба! Ал қуаныш иесі Құралайдың өзі құттықтаулардан қолы босамады.

Жаңа картинаның сюжет желісі бойынша, дәл карантин кезіндегідей Қазақстанда той өткізу мен тойға қатысуға қатаң тыйым салынады. Нәтижесінде, табыссыз қалған әртістер әр саланы жағалап кетеді.

Құралай Анарбекова, продюсер, актриса:

– Сіз жағдайдың дәл осылай боларын қайдан білдіңіз? – Енді оны айтпай-ақ қояйын деп па. Енді оны ешкім ойлаған жоқ ешкім 2018 жылы сценарий дайын болған кезде мен ойладым фантастика түсіремін деп. Уақыт өте келе бұл реальный оқиғаға айналып кетті. Сондықтан да барлық әртістер сьемкадан кейін бізге звандады, білсең айтпайсың ба деп. Біз шамалы дайындалып қоятын едік деп.

– Әртістерге гонорар төледіңіз бе киноға түскені үшін?

– Мен әртістерге ганорар төлеген жоқпын. Өйткені бұл бартер дейді ғой. Бүгін маған көмектессе, ертең мен оларға көмектесемін.

Расымен де, Құралайды бұл күні құттықтап келгендер көп болды. Тіпті, олардың арасында Қайрат Нұртас қана емес оның көшірмесі де бар.

Ақжол Болатбек, әнші:

– Біле білсек, Ақжол сіз фильмде төбе көрсеттіңіз, яғни қайрат Нұртастың орнына?

– Иә, Қайрат Нұртастың орнына кел деді. Ағамыздың орнына барып, өнер көрсеттік, Өзіме қатты ұнады.

Еске салсақ, фильм таспалану барысында Қайрат Нұртас түсірлімге уақытында келе алмай, Құралайға хитменнің орнына көшірмесін іздеуге тура келген.

Есесіне, Асхат Тарғын жауапты әртістердің бірі!

Асхат Тарғын, әнші:

– Құттықтаймын. Біле білсек, бұл сіздің дебьютыңыз кинодағы?

– Иә.

– Қалай өтті барлығы?

– Енді 2 жыл бұрын түсірілді, бұл мен үшін жаңалық болды.

– Егер дәл осындай жағдай болса, тойға тыйым салса, сіз өзіңізді қай жағынан көрсетер едіңіз?

– Тойға тиым салса, басқа кәсіп жасаймызғой енді.

– Ал сізді тығылып тойға шақырғандар болды ма картантиде?

Болды иә. Бардыңыз ба?

– Бардым. Семьяны асырау керек.

 

Картинада сондай-ақ Абай Бегей, Айқын, Беркут пен Аиша, Сейфуллин Жолбарыс, Ерке Есмахан, Кентал сынды әншілердің біразын көре аласыз. Ал Анарбекованың өзі тойға шығып жүрген әртістерді құрықтайтын арнайы агент атанады. Алайда, картина соңында тойға рұқсат беріледі. Фильмнің мұндай финалы әртістер қауымына майдай жаққандай.

Марат Омаров, композитор, әнші:

– Енді біздің қазақ әрқашанда той бітпейсін дейді. Мынау жалпы алғанда мен ойлар едім, жаман күндеріміз кетіп, әлемді үрейделндірге жаман індеттен құтылып, тек қана қуанышты бақытты күндер болу үшін бірден той болу керек!