«Грэмми» музыкалық марапатына үміттілер тізімі анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Үздік музыканттарды анықтайтын әлемге әйгілі марапат осымен 64-ші рет табысталмақ. Шара келер жылдың қаңтарына жоспарланып отыр. Биыл Джей Зидің есімі 83-ші рет номинаттар тізіміне еніп қана қоймай, рэпердің екі бірдей трегі «үздік рэп ән» аталымынан үмітті.

Еске салсақ, Джей Зи осы күнге дейін басы-қасы «Грэммидің» 23 мүсіншесін алып үлгерген.

Сондай-ақ, бұл жолы америкалық музыкант Джон Батист 11 аталым бойынша мүсіншені алып қайтамын деп үміттеніп отыр! Бұған дейін ол «Жан» анимациясындағы саундтрегі үшін Оскарды еншілеген еді.

Ал Джастин Бибер, Doja Cat пен H.E.R болса, сегіз жүлдеден үмітті. Олардың арасында ең беделді «Жыл альбомы» аталымы да бар. Билли Айлиш пен Оливия Родригоның есімі болса, номинаттар арасында жеті рет кездеседі.

Айтпақшы, Селена Гомес те алғаш рет тізімнен табылып отыр! Әншінің биыл жарық көрген жинағы «Үздік латынамерикалық альбом» атануы әбден мүмкін!