Almaty Fashion Week шымылдығын түрді! Сән апталығының ұсынары не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, журналист:

- Almaty Fashion Week шымылдығын қайта түрді! Халық мұндай шараларды сағынғаны сөзсіз. Ал дизайнерелердің айтуынша, келер маусым тренді не? Дәл қазір білеміз!

Апталықта алғаш болып Сәкен Жақсыбаев топтамасын таныстырды! Әр маусым саяхатқа аттанып, круиздік коллекция ұсынатын дизайнерге карантин қатты әсер еткендей. Бұл жолы сәнгер ашық-жарқын түстерді қара реңке алмастырыпты.

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

- Коллекциям «Қараға қайта оралу» деп аталады. Қара түске оралу тарихы дер едім. Ондағы образдардың барлығы кешке, мерекеге арналған. Көпшілік үлгілердегі детальдерге назар аударады деп ойлаймын.

Мұндай күйзелістегі күйді грузиялық дизайнер Датуна да жақсы түсінетіндей! Алайда, ақ пен қараға таңдау түсірген шетелдік сәнгердің үлгілері көпке ұнады. Айтпақшы, оның топтамасын таныстыруға белгілі байер Лилия Рахтың өзі атсалысты.

Кейіннен сән мінберінен өзбекстандық шебер Дильдора Қасимованың үлгілері табылса, шараның соңғы нүктесін қазақстандық сәнгер Айнұр Тұрысбек қойды. «Былғары ханшайымы» бұл жолы жарқын образдарымен таңқалтты. Тіпті, туындылар арасынан жылтыр көйлекті де көре аласыз.

Айнұр Тұрысбек, дизайнер:

- Әр топтамамда белгілі бір тақырыпты көтергім келетіні белгілі. Бұл жолы коллекциямды «Бірлік» тақырыбына арнадым. Бәріміз бірге болайық, себебі күш бірлікте емес пе?

Айтпақшы, Айнұрдың коллекциясынан 2021 жылдың трендттегі бұйымы балаклаваны байқадық. Ал сәнгерлер мен трендсеттерлер бір ауыздан, келер маусым тренді туралы мынандай пайымға келді!

Лидо, әнші:

- Дәл қазір «даралық» сәнде! Яғни ешкімге ұқсамау. Одан бөлек жайлылық та трендтте дер едім.

Сәкен Жақсыбаев, дизайнер:

- Жайлылық трендтте. Бірінші орында әдемі емес, ыңғайлы киіну дұрыс шығар!