Зендая мен Том Холланд «Өрмекші адам» фильмінің тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызыл кілемнің жұлдызы атанған Зендая, фильмнің тақырыбына сай киініп келуге тырысқан. Актриса тіпті өрмекшінің өрмегін еске салатын сырға тағып, оверсайз-костюмді әсем тормен әрлеген. Ал ерек образ «Alexander McQueen» брендіне тиесілі.

Зендая, актриса:

– Том екеуміз фильмге бар күшімізді салдық. Түсірілім барысы өте керемет өтті. Бұл үлкен команданың еңбегі және біз үлкен аудиориясы бар суперқаһарманның бір бөлшегі атандық. Бұл біз үшін мақтаныш.

Том Холланд «Өрмекші адам» фильмнің үш бірдей бөлімінде бой көрсеткен. 25 жастағы актердың дәл осы фильмнен кейін танымалдылығы артып, тіпті жұлдыз ауруына шалдыққан екен. Таяуда ғана британдық «GQ» журналына берген сұхбатта Том, бұл жағдайдан Зендая алып шыққанын жасырамайды.

Том Холланд, актер:

– Зендая да Джейкобта менің отбасыма айналды. Фильмде кейіпкеріңнің образына ену үшін, сен оны сезіну керексің. «Өрмекші адам» менің жан дүниеме жақын болып кетті. Себебі мен қаншама көрерменге шабыт сыйлаймын.

Зендая, Том Холландпен бірге айтулы кеште актер Джейкоб Баталон да назардан тыс қалмады. «Өрмекші адам» фильмінің бас кейіпкерлері фотоколда суретке түсіп, папарации алдында бой түзеді.

Ал «Өрмекші адам: Үйге қайтар жол жоқ» лентасында Питер Паркердің шынайы кейпін көпшілік біліп қояды. Сондықтан ол Доктор Стрэндж арқылы уақытты артқа айналдыруға тырысады. Алайда, бұл істің арты жақсылыққа апармайды.

Картинада сондай-ақ, Бенедикт Камбербэтч, Уиллем Дефо сынды танымал актерлар бой көрсетеді. Ал туынды 15-ші желтоқсаннан бастап үлкен экрандарға жол тартады.