Жұлдыздардың ашық-шашық фотосессиясын неліктен кей әріптестері құптамайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осыдан бірнеше ай бұрын жүктілігіне қарамастан ашық-шашық фотосессия өткіземін деп, елден ұрыс естігендердің бірі – Әсел Асқар еді. Актриса өз қылығынан әбес дүние көрмегенін айтады.

Әсел Асқар, актриса:

– Оған уже біздің халық деген үйреніп қалу керек қой енді. Ол енді өнер. Өнер жолындағы адамдар, сол ішкі дүниесін солай ғана көрсете алады. Солай өздерінің ойларын жеткізе алады. Неменеге адамдар шулай береді мен соны түсінбеймін.

Ал Жұлдызай Дүйсенбиева аталмыш жаңашылдықты түсінбейтінін, тіпті іштей қарсы екенін айтып қалды. «Кейде көрсетпей, жасыратын жерлер де болады»,-дейді актриса.

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

– Біз енді мың да тоғызыншы жылдардағы адамдармыз ғой, 2000 жылғы емес. Содан да шығар көзқарасымыз басқашалау. Мен қолдамаймын. Оған да кейде бір қарным ашады. Дәл қазір ешкімге ақыл айтатын жайым жоқ. Өйткені ақыл тыңдайтын заман емес. Бірақ өзімнің танитын адамдарыма қатты батырып айтпасам да айтып жатам.

Ашық образда желіге фото жүктейтін жұлдыздарды Нұржан Керменбаев та түсінбейді екен. Әнші «Әрненің шегі болуы керек», - деген пікірде екен.

Нұржан Керменбаев, әнші:

– Ең бастысы шектен тыс шығып кетпеу керек. Ол фотосессия болсын, ол видео болсын, ол жалпы өнер болсын.

Естеріңізде болса, Мақпал Исабекова, Айнұр Ілиясова, Алтынай мен Кәмшат Жолдыбаевалар ашық-шашық фотосессия жасап, жұртты шулатқан болатын.