Тикток танымал еткен қазақстандық жастар кімдер? Олардың бұндай жетістіктерінің сыры неде?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде Алинаның арманы АҚШ-ты бағындыру. Әзірге бойжеткен осы бағытта жұмыс істеп, шетелдік контентке кірісіп кеткен. «Мақсаттарым көп. Ақырындап бәріне куә боласыздар»,-дейді ол.

Алина Ким, тиктокер:

- Оқырмандарымның арасында мені «Әлеужелідегі фолловер санын, жасанды жолмен көбейтті» деген ой бар екен. Негізінде олай емес. Оның қалай жасалатынын да білмеймін. Оған көп ақша кететін шығар. Менде бәрі белсенді оқырман.

Оқырманы белсенді орта «BIP house». Ұжымдағы қыз-жігіттер сапалы дүние үшін талмай еңбек етеді. Соның арқасында «Nickelodeon Kids' Choice Awards» телевизиялық премиясының ресейлік нұсқасында жеңіске жеткен болатын.

Thedaqlet, «Bip house» қатысушысы:

- Мәселен, бүгінгі түніміз түсіріліммен өтті. Біз тіпті таңғы 6-да ұйқыға жаттық. Бірақ графигіміздің бұзылуы бізге еш кедергі емес.

Жыл соңында «Yolo House» та, әлем бойынша ең танымал Tiktok хаус атанғаны есімізде. Олар бір жылдың ішінде 20 млн-нан аса оқырман жинаған.7 мемберден құралған топты ағайынды Асхат пен Азат Халимовтар ашқан. Ал бас продюсер «Jokeasses» командасының мүшесі Бексұлтан Қазыбек. Креативті жастар өздерінің сұранысқа ие болуын былай деп түсіндірді:

«Yolo house», тикток ұжымы:

- Бір жыл бойы біз тоқтаусыз еңбек еттік. Таңертең азанмен ерте тұрамыз, түрлі видеоларға идея іздейміз. Барынша креативті болуға тырысамыз. Жетістіктің сыры осы деп ойлаймын. Ешқашан ерінбеу керек, жалқауланбау керек.

«Qoolqazaqs» ұжымы да елімізде бірқатар жетістікке жеткен хаустардың бірегейі. Бір ғана тиктоктың арқасында олар, сериал мен толықметр таспалап, ән жаздырып, клип түсірген еді.

Tiko.xo, тиктокер:

- Оны ешкім білмейді, аяқ астынан келетін нәрсе да, андай мынаны түсірем қазір тренд болады деген нәрсе жоқ та. Түсініксіз алгоритмі бар, халықтың өзінің восприятиесі бар, қалай болады оны түсіріп жатқан адам қалай береді. Қандай позитивпен береді деген сияқты.