Отандық кинотеатрларда топ жарған фильмдер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық кассалық жиынның үздігі анықталды! Айналымдағы алғашқы аптада-ақ 19 млн-нан аса кіріс көрген «Ағашки по вызову» фильмі өткен уик-эндтің топ үштігінде! Қарызға белшесінен батқан екі достың хикаясын баяндайтын комедия, касса жағынан шетелдік кинокартиналардың өзін басып озды.

22 млн-ға жуық пайда көрген «King’s Man» фильмі бокс-офистың екінші сатысында. Америкалық триллер «Marvel» студиясының комикстер негізінде таспаланған-ды. Еске салсақ, режиссер Мэттью Вонның картинасы алғашында 2019 жылы жарық көруі тиіс болатын. Алайда, пандемияға байланысты картина бірнеше жылға шегерілген еді.

Ал, «Қазақша бизнес Түркияда» комедиясы 52 млн қаражатпен үлкен экрандарда көш бастап тұр. Нұрлан Қоянбаевтың Түркия елінде таспалаған франшизасы бесінші апта қатарынан көрермен назарына ұсынылып отыр. Туындының табысы әзірге миллиардқа жетпесе де, бірінші орынды берер емес.