Н.Cац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында мереке!

Сообщить о проблеме с эфиром

Наталия Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында мереке! Өнер ордасының примадоннасы актриса Валерия Крымская 80 жасқа толды! Мерейтойға орай, камералық сахнада «Бір тауықтан алты тағам» премьерасының тұсауы кесілді.

Валерия Крымская, актриса:

- Залдың атмосферасын ерекше сезінесің. Тіпті, «апарт» кезінде көрерменің көзіне қарауға мүмкіндік туады. Қорқынышыңды жеңесің, шабыт аласың. Бұл актердің кәсібилігін арттырады. Мен кішкентай сахнада спектакльдің көп болып, жастардың да осы жолмен өткенін қалаймын.

Басты рөлде Валерия Крымская ойнайтын қойылым ана махаббаты туралы авантюралық комедия. Шешесі үйінде неке агенттігін ашып, ұлына қалыңдық іздейді. Үміткерге қойылатын басты шарт: бір тауықтан алты тағам жасай алуы керек.

Валерия Крымская, актриса:

- Мен бұл спектакльдің көрерменге ұнағанына қуаныштымын. Кері байланыстың бар болғаны да маған қуаныш сыйлап тұр. Әрине, қазіргі ахуалға байланысты кей орындықтардың бос болғаны қынжылтады. Дегенмен, көрерменнің демін естіп, бізбен бірге қуанып, бізбен бірге мұңайып отырғанын көріп мен рахаттандым.

Бүгінде Валерия Крымскаяның сахнада жүргеніне жарты ғасырдан астам уақыт өткен. «Театрға деген махаббатыма ешнәрсе кедергі бола алмайды»,- дейді примадонна.

Валерия Крымская, актриса:

- Гипертоник ретінде қан қысымым бар, басым ауырады, нерв деп айтамын. Бірақ, театрға келіп, спектакльде ойнап біткен соң, көрерменнің ыстық ықыласын көріп қалай сап-сау болып кеткеніңді білмей қаласың. Бұл өзі сондай түсініксіз күш.