Бір фильмде басты рөлге таласып жүрген актерлер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айдана Мәулен, журналист:

- Көріп тұрғандарыңыздай, дәл қазір мына стадионда аса қауіпті қылмыскерді құрықтау операциясы жүріп жатыр. Оның кім екендігін анықтайық, кеттік.

Алматыда «Агенты КНБ» фильмнің түсірілім жұмыстары басталды. Киноның жанры экшн-комедия. Аталмыш картина продюсер Тимур Бақтыбаевтың 5-ші туындысы. Мұнда соңғы уақытта сұранысқа ие болып жүрген актер Қобыланды Болат төбе көрсетеді.

Айдана Мәулен, журналист:

- Бұл сіздің алғашқы үлкен экрандағы рөліңіз иә?

Қобыланды Болат, актер:

- Толықметр жағынан иә, бұл алғашқы роль. Осымен басталып жатыр енді. Бұйыртса, алдағы таңда жақсы-жақсы толықметрлер болуы тиіс. Соған қарай жұмыс жасап жатырмыз.

- Танымалдылығыңыз артқан соң, гонорараыңыз да көтеріліп кеткен шығар иә?

- Қымбат деп ше...

- Қымбат? Ол қанша?

- Өзімнің деңгейіме сай, өзімнің мүмкіншілігіме сай еңбекақымды алып жатырмын.

Фильмнің сюжеті ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерінің бастан кешкен оқиғасы туралы. Оған кездейсоқ тапсырма жүктеліп, қылмыскерді ұстауға жіберіледі. Құпия агент рөлінің бірін - Алмат Сақатов сомдайды.

Айдана Мәулен, журналист:

- Агент болған қалай екен?

Алмат Сақатов, актер:

- Енді менің қазір ешкімге айтып қойма иә, 54 тегі жігітпін ғой негізі. Бірақ 30-дағы жігіттермен қатар жүгіру, төбелесу, секіру деген нәрсе қазір менің екінші жастық шағым оянып, расында да осыны істей алады екенмін ғой деп...

- Екінші тынысыңыз ашылып жатыр ма?

- Иә.

- Толықметрлік картинадағы алғашқы басты рөліңіз иә?

- Иә, иә басты рөл. Біз енді кинода мен басты рөл қалғандары жаңағы екінші рөл деген жоқ бізде 5-6 адам бірдей басты рөлді ойнап жүрміз.

- Қарлығаш Мұхаммеджановамен бір-біріңізбен тез тіл табысып кеттіңіздер ме?

- Алла тағала адамның бойына сұлулық берсе жылулық бермейді. Жылулық берсе, келбетінде бірнәрсе дұрыс болмай тұра ма, боп тұрады енді немесе мінезінде болмайды да. Ал, Қарлығаштың бойына соның бәрін берген.

Алмат Сақатовтың қасындағы екінші агент - Қарлығаш Мұхамеджанова. Бұл фильмде Қарлығаштың образдары эпатажды. Тіпті, Мұхамеджанова шашының түсін де өзгертуге қорықпаған.

Айдана Мәулен, журналист:

- Жасыл шаш, киімдеріңіздің стилі де ерекше. Өзіңіз қандай әсер алдыңыз?

Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:

- Бұл комедия, менің кейіпкерім - агент. Ал, агент сәйкесінше киімін, шашын, образдарын өзгертіп отырады. Бұл кино осы тұсымен де ерекше болмақ. Бір жағынан мен үшін қызық тәжірибе, бүкіл фильм бойынша бір образда жүрмеймін.

- Аяғыңызды жарақаттап алдым деп жатырсыз, ол қалай болды?

- Түсірілімнің ортасында төбелес болды. Осы сахнада мен аяғымды қатты ауыртып алдым. Жедел-жәрдем шақырдық, дәрігерлер аяғың сынған болуы мүмкін деп айтты. Тексерткеннен кейін олай болмай шықты. Бірақ, қатты ауыртып алғандықтан әлі ақсаңдап жүрмін. Сценарийге де кейіпкерім аяғын жарақаттайындай аздаған өзгерістер енгізілді.

- Қуат Хамитовпен бір сахнада ойнадыңыздар. Спортшы әріптесіңіздің актерлік шеберлігіне қандай баға бересіз?

- Менің ойымша Қуатқа сомдайтын рөлі өзіне сондай жарасымды. Өйткені, ол да сондай батыл кейіпкер.

Айдана Мәулен, журналист:

- Қарлығаш мақтаған Қуат та түсірілім алаңында жүр. Бұл жолы Қуатқа қауіпсіздік қызметкерінің рөлі бұйырыпты.

- Қуат, сіз рингті түсірілім алаңына ауыстырып жібермедіңіз бе?

Қуат Хамитов, аралас жекпе-жек спортшысы:

- Енді спорт жаңағы кино болсын бәрі шоу-бизнеске жатады ғой. Мен білген болатынмын карьерамының аяғы болмасын немесе ортасында міндетті түрде киноға түсіп актер болатынымды. Сондықтан для меня это нормально.

- Гонорарыңыз спортта көп болды ма, өнер әлемінде ме?

- Киноға түскен кезде жаттығудан көбірек шаршайсың. Ал, гонорарға келетін болсақ екеуі де жақсы.

Айдана Мәулен, журналист:

- Қуат Хамитов осымен үлкен экрандағы екінші картинасына түспек. Екі фильмнің де продюсері - Тимур Бақтыбаев. Актер, спортсменді бір стадион астына жинаған қиын болды ма Тимурдан сұрайық.

- Осы стадионды 1 күнге жалдау үшін қанша сомма жұмсадыңыз?

Тимур Бақтыбаев, продюсер:

- Негізі енді мүндай стадионның бағасы өте қымбат тұрады. Кеше де маған айтып жатыр да газонның өзіне 2 сағат шығу - 4 жарым млн теңге деп, соған қарағанда бүкіл стадионды алу енді есептей беріңіздер 2 күнге.

- Қуат Хамитовты екінші фильмге шақыруыңызға не себеп болды?

- Қуат Хамитовпен жұмыс жасаған өте жақсы болды мен үшін. Енді не түсіреміз, қандай кино деп өзі сондай ұсыныстар жасай бастады. Мен айттым осындай кино түсірейін деп жатырмын. Келесің бе, давай деп.

- Тимур, бұл сіздің 5-ші туындыңыз. Қай картинаңыз касса жағынан ең табысты болды?

- Әзірге енді шыққан үш киноның ішінен соңғы кино «Портье. Мальчик на побегушках» деген киномыз бірінші орында тұр. Себебі, бірінші, екінші кином карантиннің қайнап тұрған кезінде шықты ғой. Бірақ ол кинолар өз-өзін ақтады.

Айдана Мәулен, журналист:

- Сонымен қылмыскер ұсталды ма, жоқ па? Фильмнің соңы қалай аяқталар екен? Жауабын күзде үлкен экрандардан көріп білетін боламыз