Калифарния даусының неге шықпай қалғанын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл осы хит тректі біз Калифорниямен жанды дауыста орындап жатырмыз. Себебі, бүгін Фархадтың «Балуан Шолақта» ауқымды алғашқы кеші өтіп жатыр. Кештің ерекше атмосферасын сөзбен жеткізу мүмкін емес, тек қана эмоция!

- Калифарния, қайырлы кеш! Бүгінгі жеке концертіңмен құттықтаймыз! Қобалжу бар шығар?

Kalifarniya, әнші, музыкант:

- Бар, иә, сәл.

- Қанша уақыт дайындалдың?

- Чисто сахнаға 7 күн, бір жеті дайындалдым. Ал былай бір ай дайындалдық.

- Енді соңғы кездері хитмен атанып жатқаның жасырын емес, қалай ойлайсың, бұл еңбек пе, әлде бақ па?

- Білмеймін, еңбек пен бақ қатар жүретін шығар.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Калифарнияны бүгінгі кеште әріптестері де қолдап келген. Себебі концертте Еңлік, Меховая 8\1, Аргоня өнер көрсетеді. Тағы қандай әртістер бар, концерт барысында білетін боламыз.

- Қанай, үнемі уақытың жоқ болып жүреді, аспан мен жердің арасында жүресің, бүгін қалай уақыт таптың?

Qanay, әнші, музыкант:

- Бүгін де уақытым болған жоқ, шыны керек. Тақап келдім. Өтірік айтпай-ақ қояйын, бұл жерде «ойбай, мен звездамын анау-мынау» дегенде емес, шынымен де, график толып жатыр.

- Бүгінгі кеште Калифарнияны қолдап келдің, қанша уақыт араласасыңдар?

- Бір жыл ма, екі жылдай араласамыз. Мен ол кісіге сендім, ол да маған сенеді, ұқсаймыз чуть-чуть.

- Қай жерлерің?

- Мінезімізбен, сосын мына мақсатқа талпыну жағымен ұқсаймыз кішкене.

Ал, Калифарнияның кешінде жүргізушілік тізгін Меховая 8\1 тобының мүшелері Қабдол Тілеков пен Жандос Самалбековте!

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қайырлы кеш, жігіттер!

«Меховая 8\1» тобы:

- Қайырлы кеш!

- Жастардың ән-кеші, қатып тұрып киініп алыпсыздар, бұл қандай план, жоспар?

- Жоқ, бұл Меховаяның стилі емес, бұл жерде біздер сахнаны сыйлаған стиль. «Сахнаның өз киесі бар» деген біздің ағаларымыздан естіп өскенбіз. Хотя, диплом болмаса да, бұл жағынан біздер білеміз. Сондықтан да, енді кроссовки кисек те, сахнаны сыйлап, үстімізді солидный қылып киіп шықтық.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір менің артымда Калифарнияның би командасы тұр. Қыздар мен жігіттер шоу көрсетуге қатты дайындалып жатқан сияқты.

Аян Мұхтасипов, хореограф:

- Бізде бірінші интро, концерттің басын ашамыз, бізде чисто шоу концертпен.

- Сендерді Калифарнияның жеке командасы дейміз бе, қалай?

- Иә.

- Би стилі қандай болады?

- Әртүрлі негізі.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қайырлы кеш, Зируза. Сені сахнада көргенімізге қуаныштымыз. Калифорниямен өмірде, өнерде араласасың ба?

Ziruza, әнші:

- Жақында ғана танып келе жатырмын ол баланы. Қыстан бері-ау диеймін таныспыз. Өте жақсы адам, өте талантты әнші, сол.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Енді мына сұраққа ашылып жауап бергеніңді қалаймын: Тиктокта хейт тарап жатыр, соны өзің ашып айтсаң... Не болды связкаңа? Мүмкін, дауысыңа бірдеңке болып қалды ма, енді тыңдармандар әртүрлі түсінеді ғой.

Kalifarniya, әнші, музыкант:

- Тиктокта тарап жатқан инцидент, Ақтау қаласында болған нәрсе. Ақтау қаласына мен 7-ші концертке келдім. Себебі, бір күнде пересадкамен самолет ауыстырып, орнына келтіру оңай емес, өте қиын. Екіншіден, менде наушник болмады. Наушник болмаған жерде, далада тұрған жерде, жел болып, по-любому колонканы игере алмайтын едім. Үшіншіден, кейбір жерлерінде, сөніп-сөніп қалған жерлерінде микрофон мен бір шаг алға жасағаннан кейін сөніп-сөніп қалып жатты. Содан кейін артқа қайту керек болдым. Сондай нәрселер болды, ол менің ақталғаным емес бірақ, ағайын, шын айтайын. Менен қателік кетті. Мен допускать етіп алдым вообщем, соны жабам бүгін.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Калифарния тамағы ауырып, денсаулығы сыр берсе де, концертін абыроймен алып шықты. Ал, Фархад үшін бұл кеш тыңдарман алдында өзін дәлелдеудің бір амалы болғандай. Ал, кештегі атмосфераға қарағанда фанаттардың үміті ақталғаны сөзсіз