2:0! Даня Милохин футболда жеңіліс тапты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Бүгін ерекше шоу-матч! Себебі, жайдарманшылар және актерлар мен блогерлардан құралған «Оne Game» командалары жеңіс үшін таласпақ! Одан бөлек, ресейлік тиктокер Даня Милохин бүгін алғаш рет футбол алаңына шықпақ. Сахна мықтылары стадионда қандай ойын көрсетеді, өзіме де қызық болып тұр.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жайдарманның қарсыласы «One Game» командасында бүгін дебют үлкен алаңда. Ана есікте, «One Game» құрамасы дайындалып жатыр. Онда актерлар вайнерлер блогерлар, барлығы жиналған....

Рүстем Сағандықов, блогер:

- Творческие люди...

- На какой позиции вы?

- Нападающий

- Өзге командадан кімді қарсылас көресіз?

- У меня нет соперников. Я сегодня забью 2 гола.

- Обещаете?

- Мы будем ждать наблюдать там.

- Запомните мой номер.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жігіттер, қайырлы күн, көңіл-күйлеріңіз, настройларыңыз қалай?

- Күшті-күшті, керемет!

Даня Милохин, тиктокер:

- Все супер, замечательно, круто, готовые порвать. Команда готовые 100 процентов, заряженные все. Занимались неделю три наверное вместе, да.

- Как тебе команда вообще?

- Мы знакомы 1 день на самом деле, вчера только познакомились, и уже я со всеми знакома, ну прикольно, круто!

- А сколько занимаешься футболом?

- Нет, нет прям такого промежутка времени определенного, просто занимаюсь, иногда периодический бегаю.

- Вы на какой позиции?

- На защите, нападающий, в центральном, наверное, наверное?!

- Мы сейчас его утвердим, будет пол защитник

«One Game» құрамасында блогерларден бөлек, әуесқой боксшы Василий Левит те бар. Ал актерлар атынан – Рүстем Жаныаманов команданың намысын қорғайтын болады! Дегенмен, ол ойынға жалғыз келген жоқ, жанкүйер ретінде ұлдарын да ала келген.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жігіттер кімге жанкүйерсіңдер?

- Рүстемнің.

- Папа бүгін гол сала ма?

- Иә

- Қанша гол салады?

- 100 гол.

- Күтеміз, Рүстем ағадан 100 гол!

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Жаңа ұлыңыз айтып жатыр, 100 гол салады дейді. Қаншалықты үміт бар 100 голдан?

Рүстем Жаныаманов, актер:

- Әмин, балама айттым енді барынша жанкүйер болып отыр, айғайлап отыр, мен сенің даусыңды естіп отырамын, сен үшін бір гол соғамын деп айтқан болатынмын. Қазір көреміз.

Ал, «One Game» құрамасының қарсыластары «Жайдарман» командасы әзілкештерден құралған. Еске салсақ, жігіттер осымен үшінші мәрте жұлдызды футболға қатысып отыр.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Енді байқасам, жігіттердің бәрі ересек екен, өзің кішкентай сияқтысың. Қорқыныш жоқ па?

Мырза Махамбет, актер:

- Жоқ, қорқыныш жоқ. Кіші болсақ та бүгін бас болуға кішкене дайын тұрмыз. Алдыңғы екі ойын ұтылып қалдық, үшінші, «ер кезегі – 3» дейді ғой, үшінші ойында міндетті түрде ұтуымыз керек, а то Есен ағадан ұят болады.

- «Жайдарман» құрамасын құрған Есен Елеукеннің өзі. КВН жүргізушісі алаңға шықпағанымен, жігіттердің жақсы ойын көрсетуіне барын салып, жаттықтырған екен.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қай ойыншыңызға сенім артасыз, қол соғады-ау осы деп?

Есен Елеукен, «Қазақстан КВН Одағы» РЖҚБ Президенті:

- Семейден Гала бар, Есен бар Жаңаөзеннен, Мейіржан бар, Дидар мен Әділет қорғаныста, ортада Нұрым бар, бір жағында Шалқар бар, жалпы барлығын айтып шығуға болад.

«Жайдарманның» тағы бір ойыншысы - Ерқанат Бөкей. Блогер бүгін әуесқой футболда жақсы нәтиже көрсете алатынына сенімді.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Қарсылас команданың қай ойыншысы сен үшін мықты?

Ерқанат Бөкей, блогер:

- Егер де, жай футболдан емес болатын болса, Василий Левит мықты. Мен үшін ол олимпийский чемпион.

- Дайындықтан Даняның «Onе game-нан» байқап қалдым, қалай ойлайсың, ол қандай ойыншы?

- Егер де, салыстырмалы түрде алатын болсақ, Қазақстан футболы Ресей футболына қарағанда әлдеқайда төменірекпіз. Ал егер әуесқой футбол болатын болса, сол деңгейде ойнайтын сияқты. Бүгін Қазақстанның әуесқой футболын көрсетеміз қандай деңгейде екенін. Барлығы ойлайды, біз сәл кішкене төмен.. Жоқ, көрсетеміз, бүгін көреді.

Нұркен Иманқұлов, актер, әзілкеш:

- Давай Русс!

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Нұркен ойын қалай болып жатыр?

- Я на эмоциях. Я капитан команды «One Game». Көріп отырсыздар, тақымыды жаман қысып отырмын. Бүгін өте тартысты ойын болады. Мынаны ала тұрайыншы, бойыңыз кішкентай екен... Қазір, ойбай, оппа, отлично!

- Қай ойыншыға сенім артасыз?

- Мен мына 99-шы нөмірлі Жетісайлық қара нәсілді бауырыма сенім артып отырмын.

- Жеңістен үміт бар ма?

- «Жеңістен үміт бар ма?» деген несі, біздің қарсыласымызға сәттілік, өзімізге жеңіс, любой ценой! «One Game»! «One Game»! «One Game»!

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір келген фанаттардан қай футболист кімнің фавориты екенін білеміз.

- Қайырлы күн, көңіл-күй қалай?

- Сәлеметсіз бе, көңіл-күй керемет!

- Қай команданың жанкүйерісіз?

- Даня Милохин ойнайтын командаға жанкүйерміз.

- One Game!

- Иә, иә, «One Game» командасына жанкүйерміз!

- Кмінің фанатысыз?

- Жайдарман! Оның ішінде, менің достарым бар, негізі көп достарым бар. Медетжан, Манас тағы да басқа.

 

- Тартысты өткен футболда есеп 2:0! Екінші таймның 15-ші минутында алғашқы голды «Аягөз» КВН құрамасында ойнаған Мейіржан Алтынбаев салса, екінші гол «Шатыр» КВН командасында ойнаған Елдар Ғалымға тиесілі.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Осымен бүгінгі «Жайдармен» мен «One Game» арасындағы шоу-матч өз мәресіне жетті. Екі қүрама арасынан «Жайдарман» командасы оза шапты! Сондықтан біз команданы шын жүректен құттықтаймыз. Жеңісті күнде жүздескенше!