BEU FEST! ИРИНА КАЙРАТОВНА ХЕЙТТЕН КЕЙІН САХНАҒА ШЫҚТЫ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Nazima, Ninety one, ИК, The limba, Raim! Қазақ өнерінің топ музыканттары бүгін бір сахнада! Алматы қаласында бүгін 8000 мың тыңдарман «BEU» фестке жиналды.

 

- «BEU» фестивальге өнерпаздар бір ай бойы саундчек жасап, арнайы дайындалды. Ал, бүгін біз соның барлық нәтижесін көретін боламыз. Ал, мен дәл қазір өнерпаздармен сұқбаттасып қайтайын.

- Көп тыңдармандарға қызық, сіздің жанрыңыз, ерекше бағытыңыз, кішкене айта кетсеңіз сол туралы?

dudeontheguitar, музыкант:

- Былай, пәлен деп айта алмаймын, өзіме ұнаған жанрда былай таңдап өзім іздеп келе жатырмын. Бәріміз іздеп жүрміз ғой бір нәрсені, сол сияқты мен де жанр іздеп жүрмін.

- Ал образыңызға тоқтала кетсек, ерекшелігі, идея өзіңіздікі ме?

- Жоқ, идея мында тұрған қыздардыкі. Осыдан 3 күн бұрын бастадық. Түні бойы машинканың алдында отырып, тігіп. Мына кісілерге рақмет.

- Беу фестивалінің идеясы, мақсаты қандай деп ойлайсыз?

- Мақсат – бірігу, мақсат – барынша шын уақытты бірге өткізу. Сол деп ойлаймын.

- Ауқымды кеш халықаралық Сұнқар трамплинінде болып жатыр. Үлкен аренамен тең түсетін комплексте әртістерге барлық жағдай жасалған.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір менің жанымда талантты өнерпаздардың бірі – Таспай. Атмосфера ұнап жатыр ма?

Taspay, музыкант:

- Иә, әрине. Көптеген адамдар жүр мына жақта. Үлкен концерт, үлкен фестиваль. Тек жақсы эмоциялар.

- Енді соңғы кездері Таспайға деген сұраныс артып жатыр, әсіресе әншілер сізбен дуэт жазуға, қалай, сізде бір таңдау, талаптар бар ма?

- Маған ұнауы керек. Маған ұнаса, өнері. Әндері ұнап, менің ойымша сапалы дүние жасайтын әнші деп, сондай боп саналатын болса, мен өзім-ақ жаңағы ұсыныс тастаймын. Өзім айтамын, жазайық, бірдеңе бүлідрейік деп. Сондықтан ол жағынан рамка жоқ.

- Сіздің жаңа әніңіз бен клипіңіз шығады екен жақында, сол туралы айтып беріңізші.

- «Сені іздеймін» деген ән шығады, бұйырса. Осы айда жоспарлап отырмыз. Сол қазір өңделу стадиясында. Сол, күтіп жүрмін өзім де. Бұйырса, қараңыз, тыңдаңыз, жақсы ән.
Гүлдана Мұқан, тілші:

- Соңғы кездері тыңдарман тарапынан сізге деген сұраныс артып жатыр, оған не себеп деп ойлайсыз?

ARO, музыкант:

- Бұл жерде ән қоржынының мықты болуынан шығар. Әннің, әндерімнің өзгелерден ерек болғанынан шығар деп ойлаймын және де біз енді эксперименттен жалықпаймыз. Сіздер де бізден жалықпаңыздар.

- Жаңа толқын музыкант ретінде тыңдармандарыңызға айтарыңыз бар ма?

- Жақсы музыка тыңдаңыздар, қазақша тыңдаңыздар. Қазақша музыканы тұтыныңыздар. Қазақша әншілерді талап етіңіздер.

Аталмыш кеште, отандық әншілерден өзге ТМД елдерінің танымал музыканттары да келді. Мәселен, «iTunes», «TikTok»-та хит атанған «Расстояние» трегінің орындаушылар Bakr мен Ulukmanapo Қырғыстаннан келсе, Өзбекстаннан «Ato Woody» тобы қонақта болды.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Как вам Алматы?

«Ato Woody» тобы:

- Алматы великолепный город, я хочу сюда переехать. Мне очень-очень нравится. Очень крутые люди тут.

- Как вам Казахстанские артисты, слушаете их треки?

- Да, конечно. 104, Dudeontheguitar, Солбіркез очень хорошие ребята.

- Слушаете на казахском?

- Да-да

- Понимаете, да?

- Нет, никак не понимаем, но слушаем. Нравится поток звуков, очень красиво, реально.

Талантты музыканттар, жұлдызды қонақтар мен тыңдармандардың басын қосқан «Beu Fest» енді жыл сайын өтпек. Оған қоса, бұл жоба аясында күзде «Beu» атты радио іске қосалатын болады.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Дәл қазір менің жанымда – кештің қонақтарының бірі Гүлназ Жоланова. Қандай әншілердің фанатысыз, бүгінгі кештегі?

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Аро, Желтоқсан, Монро, Дюд ұнайды. Сондықтан бәрін тыңдаймын деп айтсам да болады.

Марғұлан Әден, блогер, продюсер:

- Мен қонақ боп жүрмін, 1-2 ай бұрын айтқанмын, бүкіл концертті жібермей қараймын деп. Өйткені бұл жақта бюджет үлкен. Артта тұрған сахнаны, лэд экранды, светтерді құрастыру оңай емес, қаншама ақша. Сол үшін маған қызық, барлық концертті жібермеймін деп өзіме уәде бергенмін.

 

Инди, поп және хип-хоп жанрларына бөлінген кеште Ирина Кайратовна тобы да өнер көрсетті. Жігіттер алғашында соңғы хейттан кейін сахнаға шығудан бас тартқан еді. Бірақ, жанкүйерлердің сұрауы бойынша, ИК концертте бой көрсетті. Ал, open air-дің хэдлайнері «Ninety One» тобы.

Гүлдана Мұқан, тілші:

- Ашық аспан астында жанды дауыста ән тыңдау әрине керемет. Жанкүйерлердің әрбір тректі қосыла шырқағанына қарағанда концерт жоғары деңгейде әріп сапалы өтіп жатыр. Ал, мен барып кешті тамашалайын. Себебі, концерт әлі бірнеше сағатқа созылады. Келесі концерттер кездескенше!