Қазақстанда джаз фестивалі өтті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Франческо Дзампини гитарада 10 жасынан бастап ойнайды. Бірнеше әлемдік джаз конкурстарының жеңімпазы. Ол Қазақстандық джаз әртістерімен коллаб орната ма? Өзінен сұрайық.

Франческо Дзампини, Италиялық джаз гитарисі:

Сізді көргенімізге қуаныштымыз. Не үшін Қазақастанды таңдадыңыз?

  • I was invited here... Қазақстанға бұрын -соңды табан тіреген емеспін. Сіздердің елдеріңіз, әсем қалаларыңыз ұнап жатыр. Жақында тағы да келемін деп ойлаймын.

Қазақстандық джаз муызканттарын танисыз ба?

  • Well not before... Осы фестиваль арқылы, бүгін бір сахнада өнер көрсететін 2 музыкантты таныдым. Олар өте талантты, тәжірибелі джаз орындаушылар. Он жылдан астам уақыт шеберлік сабақтарын өткізіп жүрсем де, Қазақстандық өнерпаздар туралы естімеппін.

Олармен коллаб орнату ойыңызда бар ма?

  • Yeah absolutely...Иә, әрине! Біздің келген басты мақсатымыздың бірі ортақ дүние жасау болатын. Ойымызды жүзеге асыру үшін көптеген жұмыстар істеп жатырмыз.

Қазақстанда джаз фестивалі қаншалықты жиі өтеді? Сұраныс қаншалықты жоғары. Ұйымдастырушылардан сұрайық.

Ержан Тәжімбетов, ұйымдастырушы:

Джаз фестивальін ұйымдастырудың мақсаты қандай?

  • Она заключается... Дәстүрлі фестивальге айналдыруды көздейміз және жыл сайын ауқымын кеңетпекпіз. Яғни, халықаралық үлкен жобаларды біріктіріп ұйымдастырғымыз келеді. Жас әрі талантты өнерпаздар қатысады.

Джаз фестиваліне елімізде сұраныс бар ма?

  • Спрос как бы... Дәл осы жанрды жақсы көретіндер көп, сондықтан сұраныс бар. Мысалы: бүгін аншлаг, бос орын жоқ. Осыдан-ақ байқауға болады.

«Джаз» жанрын дамытуға үлес қосып жүрген Қазақстандық өнерпаздар арамызда жетерлік. Соның бірі Виктор Хоменков. Мұндай фестивальдерге олар қаншалықта жиі қатысады, өздерінен сұраймыз.

Виктор Хоменков, джаз орындаушысы:

Қазақстанда джаз жанрына қызығатындар көп пе?

  • К счастью... Бағымызға орай, осы жанрға қызығатындар саны жыл сайын көбейіп келеді. Бұрын, қазіргіден өте аз еді.

Франческо Дзампинимен коллаб жасағыңыз келмей ме?

  • Я бы с удовольствием... Әрине, қос қолдап ортақ туынды жасауға келісер едім. Мен ғана емес, біздің музыканттардың бәрі коллаб орнатуға дайын. Өйткені, Франческоның тәжірибесі өте үлкен. Оның деңгейі Еуропалық қана емес, әлемдік дәрежеде ғой.

Шараға 100-ге жуық адам қатысты және әркім өзіне қажеттісін алды деп ойлаймын. Ал фестивальдің соңы осындай әдемі концертпен аяқталды.