Ақылды тентек, бұзық бозбала болған Шәріп Серік неге бір мектепке тұрақтай алмады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Алматы қаласында жасөспірімдерге арналған I “speak up” форумы өтті. Оған қатысқан отандық жұлдыздар өтпелі кезеңді қалай еңсергендерін айтып берді.

Бауыржан Сатов, актер, тележүргізуші:

Акне мәселесі болды менде. Өзіңіз қазір көріп отырғандай іздері қалды. Орындары қалды. Бұл мәселе менің ұзақ уақыт бойы артымнан қуалады. Және де мен қыздармен тіл табыса алмайтынмын осының салдарынан.

Сатовта кездескен кедергілер, өтпелі кезеңде Тәуекел Мүсілімде болмаған. Бірақ актер, жасөспірім шағын, келеңсіз оқиғаларсыз, тыныш өткізген.

Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:

Таяқ жейтін жерден таяқ жедік. Әрине оның бәрі себеппен. Өйткені бұзық болатынмын арасында. Былайша көпшілік ортада мен ұялшақ болатынмын. Сол да бір анамның берген тәрбиесінің арқасында деп ойлаймын. Өйткені үндеме, тыныш отыр, бүйтпе, сүйтпе деп жиі айтатын.Сол себептен кішкене тұйық болдық.

Тәуекел екі ұлының өтпелі кезеңін қазірден ойлайды екен. «Бала бар сырын саған айтып, сенімен ашық сөйлесе алуы керек», - дейді ол.

Тәуекел Мүсілім, актер, тележүргізуші:

Өйткені анаммен сөйлесейін десем, анамда андай позиция болды да: мен сенің анаңмын. Сен маған қарсы сөйлей алмайсың, сен маған нете алмайсың және ашылып та айта алмадым да мен анама. Сол себептен мен ойлаймын, керісінше баламен дос ретінде сөйлесу керек.

Ал Шәріп Серік болса: «Ол шақтан пайдалы дүниелер түйдім. Ортаға тез сіңуді үйрендім», - дейді.

Шәріп Серік, актер:

Ой, мен деген біраз мектепті ауыстырдым. Сол үшін де өзімді жаңа компанияда ұстай білемін де. Көптеген енді балаларды көрдім. Көптеген пониятияларды көрдім. Әр мектепте, за себя надо постоять қой. Шыны керек, тентек бала болдым мен деген.

Шоу-бизнестегі сұлу бикештердің бірі – Айнұр Ілиясовада комплекс көп дегенге сенесіз бе? Актриса өтпелі кезеңнің өкпесін әліге дейін емдеп келеді екен.

Айнұр Ілиясова, актриса, тележүргізуші:

– Мен тіпті киім киген кезде жеңінің өзі, осылай тұруы керек болатын менде. Білмеймін, ұялатынмын. Қатты ұялатынмын. Өте көп комплекстар болды менде. Түрімнен де ұялатынмын, келбетімнен де ұялатынмын. Ол кезде қазіргідей психологиялық кеңес алу деген жоқ. Ондай кітап болған да жоқ. Мүмкін болған да шығар, біз білген де жоқпыз.