Алмагүл Сағындық неге үнемі аяғы ауыр әйелдерді ойнайды? | Revue News

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

– Кеттік па? Бүгінгі түсірілім алаңына келіп, менің жүрегім аузыма келіп тұр. Себебі, сәл қорқыныштылау екен. Барып көрейік. Қайда келгенім өзіме қызық болып тұр. Кешіріңіздер. Не деген қорқынышты мына жер? Квест болып жатыр маған. Бірге барып, көрейік кеттік.

Гүлдана Мұқан, тілші:

Алматыдағы жабық көрсетілім, кино премьера, тұсаукесердің талайына барып көрдім. Дәл бүгінгідей қорқып, қашып кеткім келген кез болған емес. Бірақ, журналисттің басты мақсаты – қандай жағдай болмасын, көрермен күткен материалды түсіріп қайту. Нар тәуекел!

Гүлдана Мұқан, тілші:

– «Алас» картинасының авторлары премьераны ерекше жасауға тырысып баққандары байқалады. Ал, мен жаңалығымды жаршы жаңалықтан бастайын. Бүгіннен бастап, қазақ киноиндустриясына хоррор жанры енді. «Алас»! 4 жылға жуық уақыт бойы әзірленген телехикая қазақ дүние танымының мифологиясына негізделген.

Қайрат Темірғали, режиссер:

– Не себепті қазақ дүниетанымының мифологиясына таңдау түсірдіңіздер?

– Әуелгі идеям – елес жайлаған үйді түсіру болған. Бірақ, ондай дүниені әлемнің кез-келген жерінде таспалауға болады. Сондықтан, қазаққа тән ертегі, аңызды арқау еттік.

Сюжет желісі бойынша, Рахия есімді басты кейіпкер суррогат ана ретінде аса ауқатты отбасының баласын өмірге әкелуі тиіс. Оны сұқ көздерден тасалау үшін қала сыртындағы баспаналарына апарады. Алайда, Рахия үйде қандай да бір жағымсыз тылсым күштің барын сезеді. Ол кім және оған не керек? «Оған Рахияның құрсағындағы перзент керек!»

Алмагүл Сағындық, актриса:

– Алмагүл, қайырлы кеш! Кезекті премьера құтты болсын. Жаңаша жанр, ерекше жанр деп жатыр ғой. Өзіңе қандай әсер сыйлады? Ұнады ма?

-Ұнады деген жәй сөз. Иә, примерно бүкіл 8 серия бойы, осындай эмоцияда боласыздар.

– Барлық актрисаларға тілерім осындай жанрда жұмыс жасап көріңіздер. Себебі, осыған дейін болған опыт. Сенің білімің ешқайсысы ойнамайды бұл жерде. Бұл жерде техника басқа. Вообще бәрі басқа.

– Баян Алагөзованың «Бақыт» фильмінде басты рөлді сомдадың. Авторлық жоба. Ол жақта да, кейіпкердің өмірі ауыр. Бұл жақта да ауыр. Осындай кейіпкерлердің тағдыры сенің шынайы өміріңе әсерін тигізбей ма?

-Еще екеуінде де беременный ғой. Режиссерларға на заметку. Просто маған, беремменыйлардың рөлін бересіз да, сосын проект будет успешным. Иә, ауыр. Бірақ, мен площадькадан вкл, выкл мен ұмытып кетемін.

Мұрат Жарылқасынов, актер:

- Жоба көрермендерге қорқынышты. Ал, түсірілім алаңы қорқынышты болды ма?

– Біз өзіміз түскен кезде қорықтық. Расында да, ең бірінші сол қорқынышты затты көргенде қорықтық. Өйткені, бізге ойламаған жерден келіп қалған кезде өзіміз шошыдық. /смех/

– Образыңызды айтып бересіз ба? Шаманды ойнайды деп жатыр.

– Жын кіреді дейді. Жын қақты дейді. Мен сол жерде сол кісілердің ішіндегі жағымсыз дүниені алып тастап, соларды қорғап, сондай бір қызықты рөлді ойнаймын.

Дина Тасболатова, актриса:

– Бізде хоррор жанры алғаш рет түсіріліп жатыр. Сапа жағынан ұнады ма, көңіліңізден шықты ма?

–Веб-сериал форматындағы тұңғыш хоррордың сапасы көңілге қонымды. Лентаның режиссері Қайрат Темірғалиды бұрыннан танимын. Қоюшы – оператор екенін де білемін. Режиссерлік және операторлық көзқарастың қорытындысы керемет болады деп сенемін.

Чингиз Капин, актер:

-Көреремен ретінде қызығушылығымды оята алды. Қазақстандықтар қорқынышты фильм таспалай алмайды деп қалыптасқан ой енді жойылатын шығар.

– Қалған сериалды қалай көресіздер жалғыз үйде?

  • Екеуміз қараймыз? Бірге? Иә!

Еділ Анарбай, әзілкеш, актер:

– Қайырлы кеш, Еділ! «Алас» веб-сериалының алғашқы көрермендерінің бірісіз. Хоррор жанры қорқыта алды ма?

– Квест дейді ғой. Квест форматында істеген екен. Өте тамаша. Атмосфераға бірден кіресің. Сериал маған өте қатты ұнады. Шынымен де, жүрегімде қорқыныш пайда болды.