Жұлдызай Дүйсенбиева вайннан, киноға кетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз бүгін бірде бір актерға гонорар төлместен түсірілген «Вайн емес кино» толықметрінің жабық көрсетіліміндеміз. Басты рөлде және фильмнің продюсері Жұлдызай Дүйсенбиева. Фильмде: Асанәлі Әшім, Бағлан Әбдірайым, Динара Сәтжан сынды танымалдар төбе көрсетеді.

-Жұлдызай ханым тұңғыш төл туындыңыздың тұсаукесерімен шын жүректен құттықтаймыз! Неге вайн емес кино?

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

Осы киноның съемкасы болып жатқан кезде бізге комментарийға жазып жатты да: «Мә, вайнды осылай қылып түсіресіздер ма?»,-деп. Сосын біз киноның атын бірден осылай қоя салайық дедік та, халыққа түсінікті болсын деп. Бұл вайн емес түсіріп жатқанымыз, кино деп. Өйткені оған бір арнайы ат ойлап тапсақ қызықсыз болып қалатын сияқты болды. Солай кетті бұл: Вайн емес кино, вайн емес кино дедік та, атын солай қоя салдық.

– Фильмнің түсірілімі кезінде актерларға емес, атқа гонорар төлеген екенсіз. Қызық факт. Сол туралы айтып беріңізші?

Жұлдызай Дүйсенбиева, актриса:

Атты біз үш күн алып жүрдік. Закатта түсіруіміз керек болды да. Тура күннің батып бара жатқанын. Ол тез батып кетеді ғой. Ат барса, біз бармай қаламыз, біз барсақ ат бармай қалады. Сөйтіп біз үлгере алмай үш күн алып жүрдік атты ше сол. Арендасы қымбат болып кетті ше арыыық ат болса да.

– Біздегі ақпарат бойынша, актерларға гонорар төленген жоқ, олар процентте иә?

– Иә, режиссерға дейін процентте.

– Бұл Голливудтық система ғой?

– Голливудыңды білмеймін. Мен голливудтан, еш жерден көрген жоқпын. Просто барлығы бірдей, бірдей ынтамен жұмыс жасасыншы деген ниет қана. Бәріне қызық болсыншы дедім да.

– Менің жанымда «Вайн емес кино» толықметрінің режиссері және басты кейіпкері Әли тұр. Бірінші режиссерынан сұрасақ. Мақсат мырза, фильмнің түсірілімі кезінде қандай қызықтар, қиындықтар болды?

Мақсат Оспанов, режиссер:

– Қиындық ол... Бірінші күннен бастап қиындық қой. Кино түсіру оңай деп ойлайды негізі. Әсіресе бізде жаңбырлы сезон болды. Сол кезде біз... Нағыз жаңбырды түсіретін кезде жаңбыр жаумай қалды дегендей. Біз специально жаңбыр қолдандық. Сол кезде актерлар бір дубльмен ойнаймын деп ойлады ма, бір дубльде су болып алып, 5-6 дубль жасады.

-Сол су киіммен?

-Су киіммен әрине. Ол октябрь, ноябрьдің кезі. Қыс енді түсіп жатқан кезі.

– Әли, вайн түсіріп бастадыңдар Жұлдызай әпкемен. Қазіргі таңда да түсіріп жүрсіңдер. Вайнмен халықты жалықтырып аламын деп ойламайсыңдар ма?

Мұхаммедәлі Әбдікерім, актер, блогер:

Жоқ, бізде актуальный тақырып бәрібір қалмайды ғой. Өмірде қайны мен жеңге образын ұстап алдық. Бұл пока бітпейтін тақырып қазақта ол. Енді өткенге дейін түсіре береміз ғой. Өтпей қалған соң түсірмейміз.

– «Вайн емес кинода» Бағлан ағамыз да ойнайды. Бағлан аға, бара-бара актер болып бара жатырсыз ғой?

Бағлан Әбдірайымов, әнші, кинопродюсер:

Иә. Басы вайнмен басталды да, сонымен өзіміз де кино түсіріп кеттік. Қазір Жұлдызайлар да кино түсіріп жатыр.

– Ұсыныс қалай түсті? Бірден келісім бердіңіз бе?

– Жоқ, маған бұл кісілер кино деп айтқан жоқ. Тизер түсіреміз деді. 00:41 – Киноның алдындағы. Сонымен біз тизер екен деп солай келдік. Сөйтсек жоқ, ары қарай жалғасын тауып, кино түсіріп кетіпті ғой.

– Біз дәл қазір «Вайн емес кино» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Фильмді көрдік. Көңіліңізден шықты ма?

Нұрсұлтан Жақсыген, әзілкеш:

Өте шықты, керемет. Көруге кеңес беремін. 00:33 – Жұлдызай әпкемізді бұрында комедиялық жанрда көп көргеннен кейін, драмалық жанрда көңілді түсіретін, жылағанын мүлде көрмеппіз. Осы кинода шынайы сезіндік.

– Жұлдызай Дүйсенбиевамен қай уақыттан бері таныссыз? Қалай таныстыңыздар?

Нұргүл Мыңғатова, актриса:

Енді Жұлдызай әпкемізді баяғыдан танимыз ғой. Алдараспаннан, өте керемет талантты актриса, керемет жан. Жақынырақ біз «Келінжанда» таныстық. «Келінжан 4-тен» бастап араласамыз. Жақсы араласамыз.

– Жұлдызай Дүйсенбиеваны қай уақыттан бері танисың?

Жандос Самалбекова, әзілкеш:

Бала кезімнен танимын. Бала кезімізден «Шаншар» көріп өстік. Кейіннен КВН арқылы сахнаға келгеннен кейін ол кісіні көрген кезде официально танысқанымыз жоқ: Әй, қалайсың?-деп, сөйтіп кәдімгі.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

Жарнамасы жер жарған «Вайн емес киноның» әділ бағасын көрермен беріп, үздік шығар-шықпасын касса көрсетеді.