Ресейлік поп жұлдыз Кай Метов отандық фильмге түсті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бұл фильмнің дайындығына 5 жылға жуық уақыт кеткен. Мұнда: мұң, арман, серпіліс және Көлбай атты өткен ғасырдан телепортацияланған әншінің оқиғасы бар. Біз бүгін «Реально нереальная история» толықметрінің жабық көрсетіліміндеміз.

– «Реально нереальная история» бұл қандай оқиға? Не туралы айтылады?

Сұлтана Қаражігітова, кинопродюсер:

– Бәрін айтып қоямын ғой... Егер...

-Спойлер жасамайық. Бір- екі сөз айтайық?

-Иә. Былай айтсам дұрыс болатын шығар: ішінде музыкасы бар, биі бар даже сәл- сәл ғажайыптар бар, фантастика орысша айтқанда. Менің ойлауымша көрермендерге өте қызық болуы керек.

– Фильмде дебютанттар өте көп. Халыққа таныс емес түрлер де бар. Кейін ол нарықта қиындық әкелмей ме? Мысалы адамдар танымал түрге келеді ғой?

Сұлтана Қаражігітова, музыкалық және кинопродюсер:

– Менің алғашқы мақсатым Нұрланның бастап берген проекті, кинопроекті неғұрлым көп адам көрсе соғұрлым мен үшін жақсы болар еді. Басқа жағын енді кейін ойлана береміз ғой.

Картина тек Қазақстанда ғана емес, Ресей мен Қытай кинотеатрларында прокатқа шығады. Кинопродюсер ол жақтың нарығын зерттеп қойған.

– Фильм Қазақстанда 13 сәуірден бастап жарыққа шығады. Ал Ресей мен Қытайда қай уақытта прокатқа шығады?

Сұлтана Қаражігітова, музыкалық және кинопродюсер:

– Енді оны қазір ойластырып жатырмыз. Әңгіме құрып жатырмыз. Көреміз. Бірінші Қазақстанда шығарып алайықшы. Біздің көрермендердің көңілінен шығып алайық. Бәрі бізбен бірге қуансын.

Фильмде басты рөлдердің бірін сомдайтын – Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, композитор – Кай Метов.

– Қайырлы кеш Қайрат мырза! Сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Көңіл күйіңіз қалай? Алматы ұнап жатыр ма?

Кай Метов, актер, композитор:

-Алматыда 15 жыл тұрдым. Әр келгенімде ерекше сезімге бөленемін. Ал бүгінгі бас қосуымыз тіптен ерекше. Достарым Сұлтана мен Нұрланның жобасын қолдап келдік. Нұрланмен бала кезден доспыз. Бауырымдай болып кеткен.

– Сұлтана ханымның бізге айтқаны бар еді. Нұрланның достарынан кім бірінші хабарласса, рөлді соған беремін деп. Сол кезде сіз хабарласқан екенсіз?

-Бірінші болып хабарласпасам да, біріншілердің бірі болған шығармын. Оқиға орын алғаннан кейін, Сұлтанаға: менен қандай да бір көмек керек болса, қысылма. Айт,-деген едім. Араға уақыт салып, Сұлтана қоңырау шалып, киноға түсіп беруімді өтінді. Мен әрине келістім.

– Нұрлан марқұм болғаннан кейін, ол кісінің фильміне түсу психологиялық, моральдық тұрғыда қиындық әкелген жоқ па?

Кай Метов, актер, композитор:

– Нұрланмен 1971 жылдан бастап дос болдық. Оның өлімі әрине ауыр тиді. Түсірілім кезінде көңіл күйіміз түсіп кететін. Әсіресе Сұлтанаға қиын болды. Алаңда жылап қалатын, ауырып қалатын. Біз барынша қолдауға тырыстық. Жылатпауға тырыстық.

– Біз дәл қазір «Реально нереальная история» толықметрінің жабық көрсетілімінен шықтық. Әсем, сізге ұнады ма фильм?

Әсем Көпбаева, рок орындаушы:

– Кино өте ұнады. Өйткені ағамыз тамаша кісі еді. Иманды болсын. Осындай жақсы уақытта, ораза кезінде көрсетіліп отырғаны да жәйдан жәй емес шығар. Бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Ағамыздан жақсы естелік болып қалсын.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Қиял ғажайып қызық оқиғалар. Телепортация мен 60-шы жылдардың атмосферасы. Сапалы сюжет. «Реально нереальная история». 13 сәуірден бастап, еліміздің барлық кинотеатрларында!