Ибрагимов өзін жоба продюсері әрі жүргізушісі ретінде сынап көргісі келеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Біз Серік Ибрагимов бастаған музыкалық шоудың түсіріліміндеміз. Енді әнші, ютуб арнасын мықтап қолға алуды жоспарлап отыр.

– Негізі Секе жаңалықтарымен бізді таңғалдырудан жалықпайды. Неше түрлі бағытта эксперименттер жасайды. Енді ютубты қолға алған екенсіз?

Серік Ибрагимов, әнші:

– Иә, өзімнің ютубымды енді қолға алдым. Негізі 4 жыл бұрын бастағанмын бір программа жазып. Ол кезде команда болмады да менде. Жалғыз өзім болып қалдым да. Шаршап қалдым. Жаңа, Қазақстанда жоқ бағдарлама түсіріп жатырмыз. Команданың барлығы профиссионалдар.

– Серғазы бүгінгі жобаның сценарисі. Бірақ ән айтатын жерде қандай сценарий?

Серғазы Сапарғалиұлы, сценарист:

– Жалпы бұл жобаның концепциясын ойлап таптық. Сосын ортасына қойылатын сұрақтар.

-Сұқбат форматы да бар демек иә?

-Ортасында кішкене сұқбат форматы бар. Кішкене қызық болсын деп. Жалпы банальный сұрақтар қоймайық деп, кішкене әншілерден басқа қырын сұрап, әннің қалай шығуы жайлы.

– Алғашқы шығарылым қашан шығады?

– Бұйыртса бір аптадан кейін шығады. Бір аптадан кейін Серік Ибрагимов каналынан сіздер: Қазыбек Құрайыштың просто великолепный дауысымен, Серік Ибрагимов екеуінің дуэтін көретін боласыздар.

– Аты бар ма? Рубрикаларына тоқталсақ?

Серік Ибрагимов, әнші:

– Аты бар. Бір ғана аты болады. «Лайкты ән» деп, Серікпен лайкты ән бағдарламасы болады. Бұл жерде халық лайықты деп санаған. Лайк көп жинаған, көп тыңдарман жинаған, хит болған әндерді... Әншілердің өздері келеді қонаққа. Менімен жанды дауыста, акустика нұсқасында айтып шығады. Және де арасында қызықты сұқбат болады. Сол хрон 10-15 минуттық.

– Ютубты 3-4 жыл бұрын қолға алдым деп...

– Ютубты осыдан 4 жыл бұрын қолға алдыңыз. Монетизация қашан қосылды? Немесе енді бастала ма?

Серік Ибрагимов, әнші:

– Монетизация осы бір ай бұрын қосылды ғой. Көп ойлап қойған дүниелерімнің бәрін біреулерге беріп тастағам. Солар жасап шығарып жатыр. Енді міне 1 ай болды қолға алып жатқаныма. Сондықтан да бәрі жақсы болады деген ойдамыз.

– Менің жанымда талай хиттердің авторы. Ильхан Ихсанов. Бүгін қандай әндер орындайсыз?

Ильхан Ихсанов, әнші:

– Сол «Сені күнде көру» мен «Әп-әдемі» деген әнімді орындаймын. Екі әнімді. Живой, жаңа бэндпен.

– Әніңізді білгенімен, түріңізді тани бермейді иә?

– Иә, ол рас.

-Қазір осы жолда қандай жұмыстар жасалып жатыр?

-Ойластырылып жатыр. Көбінесе клип, муд видеоға осындай көп акцент беріп жатырмыз. Және осындай Серік ағаның проекттеріне көп шақырады. Өзім негізі жоқпын ондайға. Тек ән жазам.

– Еркеш «Лайкты ән» жобасы жайлы не білесің?

Еркеш Хасен, әнші:

-Серік ағам шақырды. Жанды дауыста осындай проект жасап жатырмын дегеннен кейін, біріншіден Серік ағам кәсіби музыкант болғаннан кейін музыкаға салғырт қарамайды. Ағамның талғамына сеніп, ағамның алғашқы ютуб жобасын қолдап келіп тұрмын. Кеше репетицияда байқалды, мықты музыканттардың құрамы жиналған.

– Қай әндерді орындайсың?

– Әндерді ағам таңдап алды өзі. «Көзің әдемі», «Қызым» деген әнді орындаймын. Сол өзінің таңдауы.

– Серік ағаның бастамасына ұсыныс қалай түсті? Тығыз графигыңнан орын қалай табылды?

Садраддин Болат, әнші:

– Серік ағаның өзі айтқан болатын, бір екі апта бұрын осындай түсіреміз деп. Сол қандай ән айтамыз деп. Ақылдасып, сөйтіп келісіп осы күнге қойып келдім.

– Қандай ән айтатын болдың сонымен?

-Не себеп, ант.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ол ешқашан бір бағытта тұрақтап, тоқтап қалған емес. Бұл жолы да ютуб кеңістігін шарламақ. Серіктің жаңа бастамасына, сәттілік серік болсын дейміз!