НТК арнасы дәл осы алаяқтар жайында «Мошеникки» атты жоба ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- НТК-да көптен күткен премьера! Бүгін Қазақстандық теленарықта бұрын соңды болмаған жаңа жобаның тұсауы кесілмек! Ол - авантюраға толы, шынайы оқиғаға негізделген «Мошенники» атты криминалды драма!

«Мошенники» – алаяқтар айласының барлық түрі айқын суреттелетін телехикая! Схемалары шынайы, күнделікті өмірде сіз бен біз кезігіп жүрген кибер қылмыс боямасыз көрсетіледі. Ал, бұл кейстер мен нақты фактілерді құқық қорғаушылардың өздері сериал авторларының қолдарына табыстаған.

Олжас Нұрбай, «Мошенники» телехикаясының режиссері:

- Иә жаңағы айтылып отырған күніне миллиард теңге, айына миллиард теңге мынанша мынанша 45 случай болады, 1 қалада дегеннің бәрі ол шынайы статистика.

Рүстем Омаров, актер, «Мошенники» телехикаясының сценарисі:

- Біз қазақтар енді ең добрый халықпыз да. Любой адамға доверять етеміз да. Это бір ол бір минус и плюста.

- «Мошенники» жобасында сіз басты кейіпкер ғана емес сценарий авторының бірісіз. Нені жеткізгіңіз келді?

– Алаяқтардың жұмыс істеу схемаларын нақты біліп, алданып қалмаудың қамын жасаса деген мақсат болды.

Сюжет желісі 11 қарақшының бірігіп афералық жоспар құруынан бастау алмады. Онда IT маманы, ұрылар, қала берді банк қызметкерлері де бар. Басты кейіпкер Фариза Ескермес вебкам модельдің образында. Еске салсақ, Фаризаның кейіпкерінде прототип бар. Қала берді, оның шынайы оқиғасы сериалға арқау болған.

Фариза Ескермес, «Мошенники» телехикаясының актрисасы:

- Ол басында веб-камщица. Веб-кам деген ол сайт, 18+, сол сайтта отырып, біраз нәрселер істейді ол.

- Ашық сахналар болды ма?

- Ашық сахна болды, сүйісу сахнасы, болды.

- Сүйіктіңіз ондайға қарсы болған жоқ па?

- Ол осы жерде жүр, қазір сұрасаңыз болады...

Андрей Чалков, Фариза Ескерместің сүйіктісі:

- Добрый вечер.

- Фариза веб-камщица болып ойнайды, яғни ашық сахналар да болып жатады дейді, сүйісу сахналары болды, өзіңіз көзқарасыңыз?

- Бұл – Фаризаның сүйікті ісі, мен оның таңдауын әрдайым қолдап жүремін.

- Ұрсысып кетпеңіздерші...

- Ешқашан қарсы болған емес, ол адами тұрғыда ол түсінеді мені.

Қарақшылардың қылмыстық схемаларынан бөлек телеөнімде көрермен құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысына да куә болмақ.

Ильяс Жалбай, актер:

- Бір өкінетін нәрсе ғана болып тұр, Мошенииктарды біз аяғына дейін ұстай алмай қойдық. Соған өкініп жүрмін әлі жыным келіп.

- Сіз неге көрермендерге спойлер айтып тастадыңыз?

За то екінші сезоны болады Құдай қаласа.

Руслан Дасыкенов, актер:

- Процесс қалай жүрді?

- Керемет, айтып жткізу мүмкін емес, Бүкіл сырларын бәрін айтып берейін ба?

- Айтып беріңіз эксклюзив болсын.

Таңат Әлібек, актер:

- Мен уже историяға саламын ғой инстаграмға, уже мошенник деп жатыр. Құдай сақтасын, но офигенный, бәрі күшті.

НТК шынайы оқиғаға негізделген «Мошенники» жобасының презентациясын жасады. Жабық премьераға келген медиа тұлғалар алаяқтарға тап болған сәттерін еске алды.

Жазира Еркін, актриса:

- Мәскеуде болған, бірақ мен түскен жоқпын оған. Мен жарты сағат асықпай әңгіме айттым. Ештеңені жіберген де жоқпын, оларда ойлаған шығар мынаның ақшасы жоқ походу деп. \күледі\

Руслан Дасыкенов, актер:

- Ақша да бердік, алып кетті. Одан кейін ол жігітті тапқан болатынмын, дегенмен де ол кісі сотталып кетті.

Ернар Себетов актер:

- Өзімнің мамам алданып қалған, иә ақшаға. Ойбай 50 мың теңге салу керек, сонда мен миллилон теңге берді екен деген сияқты.

- Алаяқтарда біз сияқты қарапайым адамдар ғой, қалай сақтану керек, бір лайфхак бар ма?

Шах-Керім Кармен, тележүргізуші:

- Ол кісілер өте жиі асықтырады, яғни дәл қазір, шұғыл, тез уақыт арасында маған осындай көмегің қажет деп.

Ерден Телемисов, актер, каскадер:

– Барлығы шапалақтап қошемет білдірді. Бұл деген өте керемет көрсеткіш. Менің ойымша әрбір қазақстандық көруі тиіс туынды. Себебі, 90 пайыз халық алаяқтардың құрбаны болуы әбден мүмкін.

Марат Оралғазин, сценарист, шоумен:

- Негізінде бұл үлкен инструкция десек те болды, қазіргі таңда өте өзекті проблема осындай алаяқтар көбейіп кетті. Осындай алаяқтардың тұсауына түспеуге үйрететін сериал.Сондықтан барлығыңыз 2-ші қазаннан бастап НТК арнасында «Мошенники» сериалын тамашалаңыздар.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Алаяқтарды қалай анықтауға болады? Арбауына ілігіп қалмас үшін не істеу керек? НТК бұл сауалдардың жауабын кино тілімен жеткізуді жөн көрді. 2-ші қазаннан бастап, дүйсенбі-бейсенбі күндері сағат 20:00-де жіберіп алмаңыз!