Аянат Есмағамбетова Голливудтан Қазақстанға араға 16 жыл салып оралды! Актриса кинопродюсерлікті қолға алған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аянат Есмағамбетова білек сыбана кіріскен картина «Манкен» деп аталады. Фильмнің сюжеттік желісі Алатау баурайында өрбиді. Онда жақсылық пен зұлымдық арасындағы ұзақ та, қиын күрестің айқын көрінісі алып шаһар Алматыда орын алады. Күйеуінен көп уақыт теперіш көріп келген келіншектің, ішкі бұлқынысы көрсетіледі. Идея Аянатқа бірнеше жыл бұрын келген.

Аянат Есмағамбетова, актриса:

–Қазақстанның таланттарын әлемге таныту, менің бала күнгі арманым еді. Бұл жоба бастамасы. Өйткені кинода да, музыкада да, сән әлемінде де отандастарымыз оқ бойы озық.

Араға 16 жыл салып Қазақстанға қонақ болып келген Аянат: «Талай талантқа Голливудқа көпір болғым келеді»,-дейді.

Аянат Есмағамбетова, актриса:

–Қазақстанға келгенімізге үш айдай болып қалды. Әлі де аз кем тұрақтаймыз. Сосын Америкаға қайтамыз. Өйткені фильмнің пост-продакшны АҚШ-та жасалады.

Дизайнерлік, әншілік, музыка жазу, кино сценарийлер жазу, актрисалықтан бөлек – Аянат аяулы ана. Жолдасы грузин ұлтынан шыққан кәсіпкер – Георгий Рцхиладзе.

Аянат Есмағамбетова, актриса:

–Иә, Америкада тұрмысқа шықтым. Балалы болдым. Кенже ұлым дәл осы жобаға түсті.

Аянат бастаған әр іс, оң нәтиже береді. Мысалы актриса Голиивудтағы ірі жобаларда, жаһанға есімі әйгілі әртістерге, музыканттарға киім тіккен.

Аянат Есмағамбетова, актриса:

-Танымал адамдармен жүздесудің де сәті түсті. Мысалы: Шерон Стоун, Сиара. Олардан бөлек Лас-Вегаста «Мюзик анд фэнш биллборд» ұйымдастырған салтанаттың қызыл кілемінде қонақта болдым. Дизайнермін.

Санжар Мәди Аянат Есмағамбетованы «Көшпенділер» киносының түсірілім алаңында, осыдан 19 жыл бұрын көрген. Ол кезде Санжар массовка актеры болыпты. Ал «Манекен» лентасына Аянаттың жары, Георгий арнайы шақыртқан.

Санжар Мәди, актер:

– Біз былтыр бір кинофорумда кездестік Георгиймен. Ол жерде Марвин Пир болды. Екінші продюсері осы фильмнің. Ол маған айтқан: біз осы жерде, Қазақстанда бір кино түсіреміз. Бір қысқаметр сосын көркем фильм болады.

«Манекен» туындысындағы образын ашқысы келмеген Санжар, көрерменге аз кем анықтама тастап өтті.

Санжар Мәди, актер:

– Кейіпкерімнің аты – Салим. Осы фильмде мен полицейскийді ойнаймын. Осы фильм ол -драма. Мистическая драма. Черно-белый фильм. Формат ол 3х4.