Атұстарын перзентханадан шығарып алуға актердың өмірдегі әрі өнердегі достары қатар жиналды. Жұлдызды отбасының қуанышына біз де ортақтастық.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Бауы берік болсын. Қандай сезімдесіз?
– Сезім күшті. Ұл туылды. Негізі Махаббат екеуіміз жоспарымыз бойынша қыз болған. Осы наурыз айына өзіміздің 9 айлық санақ бойынша.
Тұңғышына Айтөре есімін анасы берсе, Әмірге ат қою мәртебесі нағашыларына бұйырған. Ал үшінші перзентін атауды Мүсілімтегі достарына қалдырған екен.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Есімін Зейін деп қойдық. Достарымыз бар Америкада. Гендер пати жасаған кезде сол кісілердің үйінде болып. Жынысын білген кезде, сол кісілерге ат қоюға мүмкіндік бердік.
Махаббат Мүсілім, Т.Мүсілімнің жары:
– Үшінші жүктілігіңіз. Қалай өтті? Біріншідегідей қиын емес шығар?
– Уақыт зымырап тез өтіп кеткендей. Кеше ғана сәбитлі болатынымзды білген сияқты едік. Ал қазір перзентханадан шығып жатырмыз. Таңғы сағат 5:00-де дүние есігін ашты. Салмағы – 3 келі 20 грамм, бойы – 55 сантиметр.
Анасын айтқан деректерге қарасақ, Сабыр Зейін Тәуекелұлы әкесіндей батыр тұлғалы жігіт болатын сыңайлы. Кім білсін, тек сыр-сымбаты ұқсап қана қоймай, болашақта ата жолын жалғар.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Кез-келген ата-ана үшін бақытты болғаны маңызды. Қандай мамандық таңдарын көре жатармыз. Бірінші қалауым футболшы болса ойым бар. Ұнатып жатса профессионалдық деңгейге қолдау білдіремін. Егер футболды ұнатпаса өз таңдауы. Қай жерге икемі болады, соған бағыттаймыз.
Тәуекел Мүслім шекесі торсықтай ұл сыйлаған жарын елеусіз қалдырмақ емес. Болашақта бағалы бір сыйлықпен қуантпақ.
Тәуекел Мүсілім, актер:
– Махаббатқа ризамын. Қуаныштымын. Оны одан сайын қатты жақсы көріп кеттім. Сыйлыққа келетін болсақ, әрине, мүмкіндігіме қарай қымбат сыйлық жасауға тырысамын. Әшекей болсын, бұйым болсын. жағдай болып жатса көлік сыйлап жатармыз. Бәрі сыйлап жатыр. Біз де қаламыз ба...