Тұсаукесер! «Патруль» телехикаясының жабық көрсетілімі қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Бүгін премьера! Көптен күткен «Патруль» сериалының 7-ші маусымының тұсауы кесілмек! 2 жылдық үзілістен соң шығармашылық ұжым 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Танымал ситком кейіпкерлері президенттік кортежді ойдағыдай жасақтай ала ма? Бірге білейік...

 

«Патруль» командасы Семей қаласындағы 50 күндік түсірілімнен кейін, жабық көрсетілімде бас қосты. 2015 жылы алғаш көрерменге жол тартқан хит жоба бүгінгі таңда миллиондаған қаралым жинап, халықтың сүйікті сериалына айналды. Еске салсақ, кинонарықта телехикаяның ешбір аналогы жоқ және франшизасы шетелге сатылған бірегей туынды.

 

Ақылбек Досжанов, «BAS Production» бас продюсері:

Биыл 10 жылдық мерейтой...

Осы 10 жылдықта мен өзім қорықпай жаздым, 10 жылдықтағы ең мықты сериал деп айтуға болады.

«Патурль» сіз үшін?

Өмір ғой. Біздің атымызды шығарған сериал.

 

Бексұлтан Піләл, жайдарманшы, актер:

«Патруль» мен үшін тарих!

Әділжан Шомбалов, актер:

Мен үшін «Патруль» ең қымбат сериал. Ең алғашқы өзімнің жамбасыма түскен кинодағы рөлдерімнің бірі деп білемін.

 

Осымен 7-ші маусымы көрерменге жол тартқан жоба бұл жолы да қоғамдағы өзекті мәселелерді назардан тыс қалдырмайды. Оның ішінде жемқорлық, қарапайым халық пен билік арасындағы қарым-қатынас сынды тақырыптар қамтылған.

Еділ Анарбай, актер:

«Патруль» телехикаясының феномені неде , қалай ойлайсыз?

Әзілдері. Феномена әзілдері ғой, өздеріңіз білесіздер.

Медет Аманбаев, актер, сценарист:

Феномені ол – көптен бері сценаристтер, киношниктер тиісе алмайтын тақырыптарға тиіскеніміз, сол феномен шығар...

Фариза Ескермес, актриса:

Команда. Актерский состав.

Медет Аманбаев, актер, сценарист:

Келген қонақтар айтып жатыр, феномен ол актерлық құрамда деп келісесіз бе?

Шын шығар. Актерлық құрам әрине. Екіншіден ол сценарий.

 

Ал басты назар – Әділжан Шомбалов та. Сценарий бойынша туған жері Семейге қызмет бабымен оралатын шеф, өзінің некесіз туған қызы бар екенінен хабардар болады.

 

Әділжан Шомбалов, актер:

Шеф сіз бұл жолы тағы не бүлдіріп жүрсіз, некесіз туған қызыңыз бар дей ма?

Автоматты түрде менің рөлім фильмде басты рөлге айналып шыға келді.

Жігіттер әдеттегідей таяқ жеген сияқты ғой сізден?

Ой жалғыз менен емес, көп жерден таяқ жеді, менде таяқ жедім оның ішінде.

 

Еділ Анарбай, актер:

«Патруль» түсірілімі тарихында қанша рет формаңыз жыртылды?

Менің формам түсірілім алаңына келген сайын жыртылады ғой.

 

7-ші маусымның нүктесі толықметр болмақ. Отандық және ТМД-ға танымал жұлдыздардың қатысуымен таспаланған фильм 10-шы сәуір күні үлкен экрандарға шығады. Жоспарда шетелдік нарық та бар.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Толықметріне түстім. Рүстем Омаровтың өзінің жеке шақыртуымен, сондай бір «звездный патруль» болғандықтан: «Манс сен керексің, сен ғана алып шығасың», - дегеннен кейін сол бір эпизодына барып түсіп кеткенім бар.

Ақылбек Досжан, «BAS prodaction» бас продюсері:

ТМД-ның 3-4 мемлекетінде көрсетіледі деген ой бар. Презентациялардың біреуі Москва қаласында болуы мүмкін.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Жетінші маусымды қалт жібермей тамашалаңыздар. Себебі шытырманға толы оқиға әрі қарай толықметрге ұласады. Ендеше назардан тыс қалдырмаңыздар!

Әділжан Шомбалов, актер:

«Патруль» ең мықты сериал! «НТК» телеарнасына мың да бір алғыс.

Еділ Анарбай, актер:

Мына НТК арнасын пайданалып, менің өзімнің әйелімді жақсы көретінімді айтып кетсем, обязательно кеспеңіздерші, шығарыңыздарыш иә. Бакош я тебя люблю!